Орындаған: Сержан Аяжан Қазақ тілі және әдебиеті 302-топ Тақырыбы: Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау



бет4/8
Дата12.12.2023
өлшемі231,57 Kb.
#196612
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Өзін өзі бағалай өзара бағалау

(128-129-130-бет)

Асхат Әлімов оқушылардың өзін-өзі бағалауында бірнеше талаптар жүзеге асырылады, олар: мақсат, нәтиже, тұжырымдама, құрал, талаптар, жариялау, кері байланыс деп жүйелеген. Ең біріншісі, оқушылардың оқудың мақсатын, білім деңгейінің сапасын анықтау. Екіншісі, оқудың нақты нәтижелерін анықтау және салыстыру. Үшіншісі, оқушылардың жетістіктерін анықтауда қандай қағидаларды ұстану керек екендігін анықтау. Мысалы: «Бағалаудың алты қағидасы» яғни, бірінші қағида: «Маңыздылық», екінші қағида: «Дәлдік» («Адекваттық»), үшінші қағида: «Объективтік» («Дәлелділік»), төртінші қағида: «Оқудың ажырамас бөлігі», бесінші қағида: «Жариялылық», алтыншы қағида: «Қарапайымдылық». Төртіншісі: оқушылардың нәтижеге жетуіне байланысты құралдарды таңдап алу. Бесіншісі: білім алушылардың тапсырмаларды орындау деңгейін және нәтижелерін дәлелдейтін талаптар таңдау. Алтыншысы: оқушылардың жұмысын жариялау. Жетіншісі: оқушылардың жұмысына кері байланыс беру, артықшылықтары мен кемшіліктерін ескерту.



Жоғары оқу орындарының оқу процесінде студенттердің білімін бағалауда келесідей тәсілдерді қолдануға болады: Тестілеу, Бақылау, Интервью, Сауалнама, Есеп беру, Рубрика, Өзін-өзі бағалау (оның ішіне топ жұмысын бағалау кіреді), Портфолио, Жазбаша жұмыс үлгілері. (134-бет)

Білім алушылардың сабаққа қатысуы, жетістігі және білімін бағалауда көптеген әдіс-тәсілдер қолданылады. Мысалы: Сауалнама, есеп беру, Тест алу, Бақылау. Соның ішінде, өзгелердің пікірі арқылы және өзіне сырт көзбен қарау арқылы деңгейін анықтай алуы арқылы жүзеге асатын өзін-өзі бағалауды жатқыза аламыз.

Өзін-өзі бағалау - өз әрекеттері мен дамуына баға беру, оларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілеті, өз тәжірибесін кәсіби қызметпен байланыстыру әркеттері студентте рефлексия дағдысы қалыптасқандығын көрсетеді.
(157- бет)



Асхат Әлімовтың пікірінше, өзін-өзі бағалау- оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекетін, сабаққа қатысу деңгейін бағалауы. Ал менің ойымша, ол өзгелердің пікірі арқылы және өзіне сырт көзбен қарау арқылы деңгейін анықтай алуы. Адамның өзіне берер бағасы, сенімділігі жоғары болса өзін-өзі бағалай алады деп ойлаймын.

Әрбір үйренушінің сабақта қалайша жұмыс жасағандығын анықтау - оқытушы үшін өте күрделі мәселе. Мұнда басты сұрақ студенттің оқу процесінде қалайша жұмыс жасап, оқу мазмұнын қандай дәрежеде игергендігімен байланысты болады. Сол себепті де студенттер өздерінің қалайша дамығандарын білуі үшін оларға өзін-өзі бағалау жұмысын тапсырған орынды. Мұндай үлгілерде студенттер өз жұмысын атқарған әрекеттері арқылы бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет