Орындаған: Сержан Аяжан Қазақ тілі және әдебиеті 302-топ Тақырыбы: Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау



бет6/8
Дата12.12.2023
өлшемі231,57 Kb.
#196612
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Өзін өзі бағалай өзара бағалау

Кейде

Ешқашан

Мен талқыланып жатқан мәселені басқа проблемалармен салыстырып (аналогия келтіріп), олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаймын













Мен мәселені жан-жақты қарастырып, жалпыламалап, қорытынды жасаймын, барлық ойлар мен болжамдарымды ортаға саламын













Мен нақты дерек көздеріне сілтеме жасап, барлық ұсыныстарымды нанымды түрде дәлелдеймін













Талқылау барысында мен басқалардың пікірлерін мұқият тыңдаймын, олардың сөздерін бөлмеймін, олармен санасамын













Проблема шешуде ортақ мәмілеге келу үшін мен өз пікірлеріме өзгерту енгіземін













(158-бет)

Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» атты кітабында студенттердің өзін-өзі бағалауына арналған арнайы кестені көрсеткен. Білім алушылар өздерін бағалауда белгілі бір кестеге жүгіне алады. Сол кесте арқылы, өздерінің іс-әрекеттерін жан-жақты бағалап, өздеріне кері байланыс орнатады. Кесте барысында белсенділігі, ой ұшқырлығы, сөйлеу мәнері, нақтылығы, актуальдылығын анықтайды.



Студенттің өзін-өзі бағалау мақсатында компьютер сыныбында өткізген тестілеу – Компьютерлік есеп беру.
(200-бет)

Қазіргі дамыған цифрлық технологиялары заманында білім алушылар өздерін компьютер арқылы тест тапсырып бағалай алады. Соның арқасында бағалау жүйелі және жылдам болады.

Нидерландтық ғалым Карл ван Парререн келтірген төмендегі қағидалар қазіргі күнгі инновациялық (интербелсенді) технологиялардың идеялары мен практикасын толығымен келтіреді:
8-қағида. Студенттердің ой-толғанысы (рефлексия) мен өздерінің даму жетістіктерін бағалай білуі (құзырлылық сезімі).
Баға қоюды (мәселен, бес балдық немесе жүз балдық жүйемен) оқытушы мен студенттер бірлесе құрастырып, қабылдаған бағалау талаптарымен (критерийлермен) алмастыру қажет.
(62 -бет)

Нидерландық ғалым Карл ван Парререн инновациялық теххнологиялардың негігі 12 қағидасын атап көрсеткен. Соның ішіндегі 8 қағида – өздерінің жетістіктерін анықтауға және өзін-өзі бағалауға арналған.

Интербелсенді оқу/оқыту бағалауды үйренушінің өсуі мен дамуының көрсеткіші деп есептеп, оларды үйренушінің оқу әрекеттері арқылы анықтайды. Бұл жерде бағаланатын нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы үйренуші өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалайша даму керектігін түсінеді, яғни үйренушінің қалайша жұмыс жасағандығы, оның қалайша ойлайтындығы бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет