Орындаған: Сәрсенбек Диана



Дата08.02.2022
өлшемі305,73 Kb.
#118193
Байланысты:
Сәрсенбек Диана БОӨЖ-2021


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халықаралық туризм және меймандостық университеті Экскурсиялық қызметтер және жеке турларды ұйымдастыру Туризм кафедрасы




БОӨЖ-4
Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуін талдау.



Орындаған:Сәрсенбек Диана
ЭҚЖТҰ 21-01
Тексерген:Толқын Амантайқызы

Түркістан-2021
Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты. Халық ағарту комиссары Луначарский жұртшылыққа мұғалімдерге және оқушыларға үндеу жариялады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттап берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.
1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің “Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді жариялады.

  • Контрреволюциялық Бүкілресейлік мұғалімдер одағына қарсы интернационалшыл-мұғалімдердің І Бүкілресейлік съезі ұйымдасты.Бұл съездің нәтижесі бойынша, мұғалімдерге Бүкілресейлік мұғалімдер одағынан шығып, интернационалист-мұғалімдердің одағына кіру туралы үндеу тастады.

Жастарға кәсіптік білім берудің негізгі техникумды (индустриялық, ауылшаруашылық, экономикалық, педагогикалық және т.б.) оқыту мерзімі 4 жылдық, кеңес ұсынған еді. Бұл кеңестің нәтижесі бойынша кәсіптік мектептер, фабрика-зауыт мектептері, оқу-өндірістік шеберханалар және т.б.; жетіжылдық мектеп – ортақ кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін – индустриялық, ауылшаруашылық, педагогикалық және басқа техникумдар; тоғызжылдық – онжылдық мектеп жоғары оқу орындары үшін негіз болды.

А

. Байтұрсын 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса бастайды. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» жұрналы мен «Қазақ» газетінің беттеріне білдіре бастайды. Қазақ жазуына, тіліне ыңғайлысы ол «Арап» әріптері еді. А.Байтұрсын араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады, себебі А. Байтұрсыновтын реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы альфабитті негізге алған жаңа жазуы ( ол «Жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла басталды. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен (жазумен) 15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ – орыс мектептері де қолдана бастапты. 1924 жылы Орынборда маусымның 15 – сіндегі мәжілісінде А. Байтұрсын «Әліпби тақырыпты» деген баяндама жасайды. Ол түркі халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар екендігін, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес деген пікірін осы съезде дәлелдейді. Әліпби (графика) қандай қасиеттерге ие болу керек деп, қазақ халқы қолданып отырған, икемделіп, өңделген (реформаланған) араб алфавитінің он сипаттарын (қасиеттерін) көрсетеді де, латынға көшкенде, латын алфавитін қолданушы Еуропа халықтары тіліне түркі жұрттарының қатысы жоқ дей келіп, «латын әліпбиін тұтынған (еуропалық) жұрттар орыстың орнында болып, аузына қарап... Онда алуға мағына бар дер едік» деп ойын орнықтыра түседі.


(Нәзір Төреқұлов) (Ахмет Байтұрсынов)

А.Байтұрсыновтың осы баяндамасын және латын таңбаларын алуды қостаған Алаш арысы, біртқайраткер Нәзір Төреқұловтың баяндамасын талқылап, екі алфавиттің оң – теріс жақтарын сарапқа салып қарағаннан кейін, съезд: «Қазақ тұтынып отырған түрк (араб таңбалы) әліпбиінің баспа түрін дара болмауы баспа ісіне де, үйрету жағына да қолайсыздық қылатын болғандықтан, ол қолайсыздықтан құтылу үшін түрк әліпбиінің өзін түзету өзге әліпби алудан анағұрлым оңай болғандықтан, түрк әліпбиінің жазба түрін осы күйінде қалдырып, баспасын дара түрінде алу керек» деп А.Байтұрсынов реформалаған және баспа түрінің де вариантын ұсынған араб жазу негізіндегі қазақ алфавитін қабылдау керек» деген қара ұсынды. (Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі. 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкіл Одақтық Түркологиялық съезде барынша дәлелдеп, қазақтардың латынға көшуіне қарсы болды. Бұрыннан пайдаланып келген, әрі нақтылы бір ұлт тіліне лайықталып, реформаланған араб (мысалы, қазақтардікі сияақты), не орыс (мысалы, сол кезде чуваштар қолданып отырған) графикасын латыншаға ауыстырудың ешкандай не саяси – идеологиялық, не экономикалық тиімділігі жоқ, сауат аштыру, оқыту ісінде де лайықталған араб графикасы мен қабылданбақшы латын жазуының бір – бірінен артық - кемдігі шамалы, керісінше, жазу таңбасын өзгерту сан ғасырлық жазба мұрадан, жазба дәстүрден қол үздіреді дегенді айтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет