Даму механизмі. Жалпы немесе жергілікті факторлардың басымдығына қарай, ізбестену метастаздық, дистрофиялық және метаболизмдік нысандарға жіктеледі.
Метастаздық ізбестену (ізбес метастаздары), әдетте жайылмалы сипатта дамиды. Оның даму себебі – гиперкальциемия; кальций алмасуының эндокриндік реттелуі бұзылып (паратгормон көп, кальцитонин жеткіліксіз), ізбес қордаланатын жерлерінен көп, организмнен аз шығарылады. Сондықтан сүйек сынғанда (бірнеше сүйек, миеломды ауру, ісік метастаздары), сүйек жұмсарғанда (остеомаляция) немесе қалқанша маңы безінің қызметі тым артқанда (гиперпаратиреоидтық остеодистрофия), тоқ ішек (күшәләмен улану, созылмалы дизентерия) пен бүйрек (поликистоз, созылмалы нефрит) зақымданғанда, D-витаминін тым көп қолданғанда ізбестік метастаздар қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |