Орындаған: Сүлеймен Мадияр Группа: 302б факультет: Стоматология


Миокардтың метастаздық ізбестенуі



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#89256
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сүлеймен Мадияр 2 сроп

Миокардтың метастаздық ізбестенуі
а-ізбестенген бұлшықет талшықтары
б-миокард
Гемотоксилин-эозин бояуы
Бүйрек ішіндегі метастаздық ізбестену
а – гомогенді көк масса ( кальций тұздары)
Метастаздық ізбестену кезінде кальций тұздары түрлі мүшелер мен тіндерге, әсіресе өкпеге, асқазанның кілегейлі қабықшасына, бүйрекке, миокардқа, артериялардың қабырғаларына шөгеді. Өйткені өкпе, асқазан мен бүйрек бөлетін өнімдер қышқыл реакциялы, сондықтан бұл мүшелердің сілтілі тіндері кальций тұздарын, басқа мүшелердің тіндеріндей, ерітінді күйінде ұстай алмайды. Ал миокард пен артериялардың қабырғаларына ізбес олардың тіндерін қоректендіретін артериялық қанның құрамында көмір қышқылы өте аз болғандықтан жиналады.
Мүшелер мен тіндердің сыртқы пішіні онша өзгере қоймайды; кейде кесінділерінен ақ түсті шөгінділерді көруге болады. Ізбес метастаздарындағы кальций тұздары паренхиманың жасушаларын, дәнекер тіннің талшықтары мен негізгі затын әрлейді. Ізбестің алғашқы тұнбалары миокард пен бүйректің фосфатаза белсенділігі өте жоғары болатын митохондриясы мен фаголизосомасында, ал артериялардың қабырғасы мен дәнекер тіннің мембраналық және талшықты құрылымдарында қалыптасады. Ізбес шөгінділерінің төңірегі қабынып, кейде ол жерлерге макрофагтар мен алып жасушалар шоғырланады, гранулема түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет