Кома–науқас ес түссіз жағдайда. Физикальді тексеру кезінде дегидратация симптомдары анықталады: - ауыз қуысының және тері жамылғылары құрғайды - көз алмасы және тері тургоры төмендейді; - жалпы бозару және төменгі жақ бұрышының, иектің, мандайдың шектелген гиперемиясы; - терісі салқындайды (бірақ субфебрилді лихорадка болуы мүмкін, команың себебі инфекция болса); - бұлшықеттің гипотониясы; - артериалды гипотензия; - Куссмаул тынысы; - тынысында ацетон иісі; - біртіндеп анурия дамиды. Синусты тахикардия немесе жүрекшелер тахифибрилляциясы, қарыншалар экстрасистолиясы; ЭКГ да гипокалиемия белгілері (барлық жағдайда емес), жедел миокард инфарктісін жоққа шығару үшін ЭКГ бақылау керек. Қандағы қант деңгейі – көбінесе 16ммоль/л – жоғары, глюкометр көмегімен анықталады. Олигурия, зәрдің тығыздығы жоғары болады, глюкозурия, кетонурия (++++). Ауыр диабет кезіңде бүйрек зақымдалғанда глюкозурия және кетонурия болмауы мүмкін.
Шұғыл көмек
Регидратация айқындылығы аз мөлшердегі дегидратацияда 0,9% натрий хлорид ертіндісін к/і 0,5-1 л/с жылдамдықпен. Айқын дегидратация кезінде сол жылдамдықпен 0,45% натрий хлорид ерітіндісін енгізеді.
Инсулинотерапия –ересектер үшін инсулиннің бастапқы дозасы 16 – 20 ЕД б/і немесе к/і, әрі қарай – 6-10 ЕД гликемия динамикасын бақылаумен жүргізеді.
Ауыр гиповолемиялық жеткіліксіздік және коллапс кезіңде, к/і норадреналин, реополиглюкин енгізеді.
Аурухананың реанимация бөлімшесіне жеткізеді, жол бойында симптоматикалық терапия жүргізеді.