Орындаған: Студент: Хурманхан Жібек Мамандық: Бастауыш білім беру Топ: ббб-42 Тексерген


Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдер арқылы фонетиканы оқыту мәселелері



бет5/10
Дата08.02.2022
өлшемі87,05 Kb.
#119969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Хурманхан Жібек БББ-42
Тарих 1-10
1.3 Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдер арқылы фонетиканы оқыту мәселелері

Фонетиканы оқу арқылы оқушылар әдеби тіліміздің дыбыстық жүйесін білумен қатар көптеген дағдыларды игереді. Бастауыш сыныпта тіл дыбыстарының құрамы, олардың жіктелуі жөнінен ең алғашқы мағлұмат алады. Тілдің дыбыстық жүйесінен алғашқы мағлұмат алумен қатар сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу нормаларына жаттығып, ол заңдылықтарды күнделікті өмірде пайдалануға дағдыланады, тілдің дыбыстық жүйесін саналы түрде меңгереді.


Фонетиканы оқып біткеннен кейін оқушылар мынадай дағдыларды игерулері тиіс:
- тіл дыбыстарының тілдің негізгі құрылыс материалы екенін;
- дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстардың негізгі белгілерін;
- кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді ажыратып, тілдің орфографиялық, орфоэпиялық өзіндік ерекшелігін танып, өз ойын дәлелдеуге шама-шарқы жететіндей болуы;
- дыбыстардың акустикалық, артикуляциялық ерекшеліктерін түсіне алуы;
- сөздің айтылуындағы және жазылудағы буындық ерекшелігін ажырата алуы;
- буын мен тасымалдың арақатынасын жақсы ажыратумен қатар өзінің сауатты жаза білуіне де ерекше назар аударуы;
- алфавит тәртібін дұрыс меңгеру арқылы түрлі сөздіктер мен анықтағыштарды пайдалануға мүмкіндігі болуы.
Осы айтылғандарды меңгертуге бастауыш сынып оқушыларына меңгерту оңай жұмыс емес. Сол себепті де бұл мәселе әдістемеші ғалымдардың назарынан тыс қалмаған. Мәселен, әдіскер Ш.Х.Сарыбаев дауысты дыбыс түрлерін таныстыру үшін тілсіз схеманы ұсынған. Тілсіз схеманың үлгісі мынадай:



Жуан

Жіңішке

Ашық

Қысаң

Езулік

Еріндік

Тілсіз схемамен қалай жұмыс істеу жөнінде Ш.Х.Сарыбаев былай дейді: «Тілсіз схемада бастарындағы сөздер ғана жазылады. Оларға орналастырылатын объектілер жазылмайды. Бағандарға жазылатын объектілерді әліппедегі дауысты дыбыстардың әріптеріне қарап отырып, оқушылардың өздері тиісті орындарына содан теріп жазып толтырады» [12, 21 б.].


Дауыстылар мен дауыссыздарды оқытқанда тақта көрнекілігі де өте мол пайдаланылуы тиіс. Буынды өткенде буын құрайтын тек қана дауысты дыбыстар екені, дауыссыздар буын құрай алмайтыны түсіндіріледі. Дауысты дыбыс жеке тұрып та, дауыссыздармен тіркесіп келіп те буын құрай алады. Буынның жазылу емлесі тасымалға байланысты айтылады.
Сөздегі дыбыстар, буындар бір-біріне ықпал жасайды, әсер етеді. Екі сөздің арасында да бір-біріне ықпал ету болады. Ілгергі дыбыс соңғыға, соңғы дыбыс ілгергіге әсерін тигізе береді, кейде өзара ықпал етудің салдарынан екі дыбыстың екеуі де бірдей өзгеріп кететін жағдайы болады. Тіпті бір дыбыстың орнына екінші дыбыстың ауысып түсетін кездері де болып отырады: теп – тепкіледі – текпіледі, секпіл – секпіл, түпкір – түкпір т. б.
Үндестік заңы (сингармонизм) буын үндестігіне және дыбыс үндестігіне байланысты екені мысалдармен дәлелденеді:


тар тер
от қа ет ке
тан тен
тық ті
Бұл мысалдардан мынадай қорытынды шығарылады: түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған қосылатын қосымша жуан болады, сондай-ақ түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, жіңішке қосымша жалғанады.
Кейінгі ықпалды үйреткенде олардың үш түрлі жағдайда яғни түбір мен қосымшаның аралығында, біріккен сөз сыңарларының аралығында және сөз тіркестері аралығында болатыны мысалдармен дәлелденеді:
жарақ – жарағы, шыжық – шыжығы,
күрек – күрегі, жап – жабады, жауып;
қан+ға, ерін+ген, ерін+беді, қос+шы, із+ші,
із+сіз, көз+сіз;
Қазжан, Найманбек; көк ешкі, көп ет, ақ адыр, айта алады, сары ала ешкі т.б.
И.Ұйықбаев «Фонетиканы оқыту» атты еңбегінде ілгерінді ықпалды оқытуда пайдаланылатын мынадай кестені ұсынады [2]:
Ілгерінді ықпал кездесетін жағдайлар
1. Түбір мен қосым-шаның арасындағы ілге-рінді ықпал
2. Біріккен сөздер сыңарларының аралы-ғындағы ілгерінді ықпал
3. Сөз тіркестерінің ара-лығындағы ілгерінді ықпал
бала+ны
бала+да
бала+мен
қар+ды
қар+мен
саз+ды
саз+бен
Түбір сөздің соңғы дыбысы дауыстыға, үндіге, ұяңға аяқталса, қосымшаның бірінші дыбысы үндіден не ұяңнан басталады.
Берді-құл
әлде+қайда
кез+құйрық
жарқұлақ
Жаркөл
Біріккен сөздің бірінші сыңарының соңғы дыбы-сы дауыстыға, ұяңға, үндіге аяқталғанда, екін-ші сыңарының бірінші дыбысы қатаң дауыссыз болып келсе, ол ұяңдап айтылады.
қара күрең
көз көрген
бұл кім?
Алдыңғы сөздің соңғы дыбысы дауысты, ұяң, үнді болып, оған тіркескен сөз қатаңнан басталса, ол қатаң ұяңдап айтылады.
Біріккен сөздердің аралығындағы екі дыбыстың да өзгеріп айтылатын жағдайы тоғыспалы ықпал деп аталатынын айтып, мына мысалдармен көрсетуге болады: Аман+келді, Қос+жан, Дүйсен+келді т.б.
Екпін туралы түсінік бергенде, оның қазақ тілінде сөздің соңғы буынына түсетінін айта келіп, қандай жағдайда соңғы буынға екпін түспейтінін атап көрсеткен жөн:
1) жіктік жалғауда екпін болмайды;
2) -шы, -ші, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарына екпін түспейді;
3) болымсыз етістіктердің жұрнақтары -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе-лерге екпін түспейді;
4) шылау сөздердің бірсыпырасында екпін болмайды [2, 49-б].
Орфоэпия мен орфографияның өзара айырмашылығын оқушыларға түсіндірудің ерекше маңызы бар екенін ескеруіміз керек, өйткені сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы үнемі бірдей бола бермейді. Оқушыларда сөздерді не естілуінше жазу, не жазылуынша оқу жиі кездеседі. Мұндай кемшіліктерді болдырмау үшін оларды дер кезінде түзетіп отыру қажет. Ол үшін арнаулы жаттығу жұмыстары жүргізілуге тиіс. Біраз мысалдар келтірейік.
Осының бәрі дарияға бөгет бола алар ма? деген сөйлемдегі «бола алар ма?» деген сөз тіркесі осылай жазылғанмен, дұрыс айтылуы – «болалар ма?» болады.
Ол барса игі еді, – деген сөйлемнің жазылуы осылай болғанмен, айтылуда: Ол барсигеді болып айтылады. Торы ала ат торы ала жерден тұмсығын алмайды. Ат та торы ала, жер де торы ала деген сөйлемнің дұрыс сөйлеу үлгісі мынадай болады: Торалат торала жерден тұмсығын алмайды. Ат та торала, жер де торала. Орфоэпия мен орфографияның өзара ерекшеліктерін осылайша салыстырып түсіндіргенде оқушылар әрі дұрыс сөйлейтін, әрі дұрыс жаза білетін болады.
Белгілі ғалым Мәулен Балақаев ы, і әріптерінің жазылуы туралы былай дейді: “Оқулықта ы, і әріптерінің жазылуын үйрету олардың дыбыстық айырмашылығын танытудан басталады. Ол үшін ыстық – істік, тыста – тісте, сынған – сіңген, тамыр – темір сияқты сөздер салыстырыла оқытылады. Ол сөздердің жуан (ы) дыбыстың қатысқандағы мағыналары бір бөлек, жіңішке (і) дыбыстың қатысқандағы мағыналары одан басқа екенін бала аңғарса, олардың дыбыстық сапасы екі басқа екенін түсіне бастайды.
Содан кейін суреттерге қарап, былайша да бала мысық, ілгіш, көзілдірік сияқты сөздерді атайды. Оқушылар сөздердің түгелдей не жуан, не жіңішке айтылатыны ы, і дыбыстарына байланысты екенін білсін. Ол үшін сөздерді дұрыс айту олардың сөздерді дұрыс айту, тыңдау қабілеттерін жетілдіру керек. Артынан түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушы жуан ы дыбысының жуан буынды сөзде, жіңішке і жіңішке буынды сөзде жазылатынын біледі», – дейді [2, 35].
Ал мұғалім сабақта «Кім озып шығады?» ойынын ұйымдастырады. «Ойынның шарты: әрбір оқушы өз бетінше я, ю әріптері кездесетін аңдардың, жәндіктердің, өсімдіктердің аттарынан 10 сөз ойлап, дәптерлеріне жазады. Жазып болған оқушы орнында отырған қалпы үндеместен жалаушасын көтереді. Жалауша көтерген оқушының жұмысы мұғалім тарапынан тексеріледі, қалай орындалғаны есепке алынады. Сонда: қоян, қосаяқ, аю, қою, қырықаяқ, қияр, баю, жаю, түю т. б. түрінде болып жазылады» [3, 55-б].
Қорыта айтқанда, фонетиканы өту үстінде сабақта ылғи талдау жасалады. Ол талдауда сөздің тек дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуын да талдатып отыру керек. Өйткені фонетиканы оқыту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы да меңгертеміз.
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында Е.И. Пассовтың коммуникативтік оқыту әдістерін пайдаланамын.
Әдістің негізін құрайтын қағидалар:
1. Оқушының сөйлеу бағытын анықтау.
2. Адамның жеке басының ерекшелігін ескеру.
3. Орта жағдайын ескеру.
4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.
Жоғарыдағы пікірлерді ескере отырып, баланың ауызша тілін дамытуда мына қағидаларды басшылыққа аламын.
1.Тіке байланыс қағидасы.
Яғни оқушы оқу кабинетіне кіргеннен қазақ тілінде сөйлейді, жүздеседі. Сабақ үстінде ребустар, анограммалар, жұмбақтар шешіп, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар айтады, тағы да бас-
қа қосымша материалдар беріледі.
2. Адамның жеке қабілетін ескеру.
3.Сөйлеуге үйрету.
Суретпен жұмыс істеймін, диалог, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, артынан қысқаша осы тақырыпта шығарма жаздырамын, яғни деңгейлеп саралап оқыту технологиясы іске қосылады.
Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының маңыздылығы зор.
Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
- Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
- Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамыту;
- Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру;
Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:
1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Қазақ тілін оқытуда қолданатын, оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – интерактивті әдістер . «Интерактив» сөзі бірлесіп әрекет ету деген мағынаны білдіреді. Мұндай сабақты ұйымдастыру мұғалім мен оқушыдан үлкен белсенділік пен шығармашылықты, жауапкершілікті қажет етеді.
Дидактика ілімі бойынша оқытудың интерактивті әдістеріне мыналар жатады:
- Пікірсайыс әдісі;
- Ми шабуылы;
- Эвристикалық немесе «Сократ» әдісі;
- «Дөңгелек үстел» әдісі;
- Іскерлік рөлдік ойындар;
- Драмалау;
Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, Эвристикалық немесе «Сократ», «Дөңгелек үстел», «Ми шабуылы» т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.
Әрбір педагог баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерін анықтап,кеңінен дамытуға мүмкіндік жасау керек.Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа баулитын жұмыстардың бір түрі-өлең құрастыру.
Бұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас варианттарды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлері орын алады.Бұл орайда оқушылар өлең жолдарына сүйене отырып, оның жаңа вариантын өз ойынан құрастырады, немесе берілген екі жолды өзі жалғастырады.
Шығармашылықты дамытуда ерекше орын алатын жұмыстың бірі- ертегі, әңгіме құрастыру. Бұл жұмыс түрі алдымен ауызша жүргізіледі,кейін оқушылар өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіруге жаттығады. Әңгіменің мазмұны күнделікті өмірдегі қоршаған құбылыстардан бастала отырып, оқушылардың қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарға дейін қамти алады.
Мұғалімнің негізгі мақсаты- оқушыға әңгіменің тақырыбын таңдауға бағыт беру, оқушы қиялын дамытуға мүмкіндік жасау. Ертегі құрастыруда ең алдымен оқушылардың білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше аяқтауларын талап етеді.Алайда мұғалім өзінің тек бағыт беруші екенін естен шығармауы тиіс.Шығармашылықпен іздене білген мұғалім болашақта өзіндік көзқарасы толық қалыптасқан, дүниетанымы кең, білім, білік, дағдысы жоғары,бәсекеге қабілетті жас жеткіншекті тәрбиелей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет