2 Тәжірибелік бөлім
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының фонетика бойынша білім деңгейін анықтау
Бастауыш сынып оқушыларының фонетика бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында 4-сынып оқушылары арасында тест және тапсырмалар орындаттық.
Тест сұрақтарының кілті:
1/ д; 2/ в; 3/в; 4/а; 5/в; 6/в; 7/а; 8/д; 9/в; 10/а.
Тест.
Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар?
а/ 19 в/12 с/ 21 д/25
Қай дауысты дыбыс жіңішке, ашық, езулікке жатады?
а/ ұ в/ ә с/а д/і
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
а/ 2 в/3 с/5 д/4
4. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
а/ 38 в/ 42 с/ 36 д/ 12
5. Қысаң езулік дыбысы қайсысы?
а/ о в/ и с/а д/ у
«у» әрпінің жуан түрін анықтаңыз.
а/ тігу в/ жазу с/ керу д/ келу
Тұйық буынды сөзді көрсет.
а/ ән в/ нан с/ не д/ де
Тоғыспалы ықпал қай сөзде?
а/ жүрегім в/тарағым с/он д/Досжан
9. «ө» дыбысы қай сөзге қойылады?
а/ ..қ в/ ..мір с/ б..йге д/ ..не
10. «игілік» сөзінде қанша дыбыс бар?
а/ 7 в/ 2 с/ 10 д/ 8
1 - тапсырма. Сөздерді буынға бөліп, түрлерін ажыратыңыз.
Саңырауқұлақ, бақша, торғай, әңгелек, шымшық,қызғалдақ, қарағай,үйеңкі,
қайың, орман, бұтақ, жапырақ, қауын.
2 - тапсырма. Жұмбақты шешіп, қысаң дауыстылардың астын сызыңыз.
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
/. . . ./
Дөп дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай.
/. . . . . ./
3-тапсырма. Мәтіннен ұяң дауыссыздарды теріп жазыңыз.
Жер шарында шыңғыратын көбелектер бар. Ол шыңғырғанда құлағыңды жарады.Көбелек- жұп-жұқа қанатты жәндік.Ол аузымен де, мұрнымен де дем ала алмайды.
4-тапсырма. Фонетикалық талдау жасаңыз.
ө-
р-
м-
е-
к-
ш-
і-
сөзде ____ әріп, ______ дыбыс бар.
4-тапсырма. Екпін түсетін буындағы дауыстыны дөңгелектеңіз.
Қонақтар, дастарқан, кілем, алаша, сандық, бауырсақ, қаймақ, қымыз, тостаған, сүзбе, айран, шұбат, шұжық, сорпа, қуырдақ, бата, тілек.
5- тапсырма. Мақал- мәтелден қысаң дауыстыларды теріп жазыңыз.
- Тазалық- денсаулық кепілі.
- Тәні саудың- жаны сау.
- Шынықсаң, шымыр боларсың.
- Өзі тазаға бәрі таза.
- Денсаулық – зор байлық.
Сурет 1. «Бастауыш сынып оқушыларының фонетика бойынша білім деңгейі»
Бастауыш сынып оқушыларының фонетика бойынша білім деңгейі жоғары 20 пайызында, орташа – 40 пайызында, төмен – 30 пайызында. Осы көрсеткіштерді жақсарту мақсатында практика жүзінде арнайы сабақтар ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |