Орындаған: Студент: Хурманхан Жібек Мамандық: Бастауыш білім беру Топ: ббб-42 Тексерген



бет1/10
Дата08.02.2022
өлшемі87,05 Kb.
#119969
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Хурманхан Жібек БББ-42


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі


Курстық жұмыс


Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия пәні бойынша


Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту жолдары»


Орындаған:
Студент: Хурманхан Жібек
Мамандық: Бастауыш білім беру
Топ: БББ-42
Тексерген:
Оқытушы: Тастемирова Назипа Эксановна
_____________________________________
(қолы)
2021 жыл
Мазмұны






Кіріспе

3

1

Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту жолдарының теориялық негізі

5

1.1

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері және оны оқыту

5


1.2

Фонетиканы оқыту әдістемесі

12

1.3

Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдер арқылы фонетиканы оқыту мәселелері

13


1.4

Бастауыш сынып оқышысының фонетика бойынша базалық білім мазмұны

18


2

Тәжірибелік бөлім

21

2.1

Бастауыш сынып оқушыларының фонетика бойынша білім деңгейін анықтау

21


2.2

Фонетиканы әр түрлі әдістер арқылы оқыту тиімділігі

23




Қорытынды

31




Қолданылған әдебиеттер тізімі

33




Қосымша

34


Кіріспе

Фонетика (грек. phônçtіkуs –дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады [1, 69 б.].


Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады, себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.
Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тар мағынасы қалыптасқан. Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөз ағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді. Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.
Фонетиканың зерттеу тәсілдері адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін, дыбыстық бірліктердің акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін зерттеп, оларды айырым белгілеріне қарай таптастырады;
- дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын анықтайды;
- дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін;
- буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу заңдылықтары мен сөз ағымының буынға жіктелуінің факторын;
- сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік заңын;
- сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістерді қарастырады.
Дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі; Жекелеген тілдің фонетикасы осы мәселелерді нақты бір тілге қатысты қарастырады [2, 79 б.].
Бізде осы мәселені шешу және зеттеу мақсатында курстық жұмыс тақырыбын «Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту жолдары» деп алдық.
Зерттеу объектісі – фонетика.
Зерттеу пәні –фонетиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу мақсаты. Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту жолдарын айқындап, практика жүзінде қолдану.
Зерттеу міндеттері:
- Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері және оны оқыту жолдарын анықтау;
- Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдер арқылы фонетиканы оқыту мәселелерін зерттеу;
- Бастауыш сынып оқышысының фонетика бойынша базалық білім мазмұның ашу;
- Бастауыш сынып оқушыларының фонетика бойынша білім деңгейін анықтау;
- Фонетиканы әр түрлі әдістер арқылы оқыту тиімділігін дәлелдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет