Орындаған: Тайжанова Аяулым Тексерген: Жилгильдинова Мадина Семей 2022 Кіріспе



Дата17.03.2023
өлшемі26,29 Kb.
#172806
түріКодекс
Байланысты:
Инклюзивті білім беру БӨЖ1


«Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университет» КеАҚ

Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарға арналған" қағидалар КОДЕКСІН " әзірлеу


Орындаған:Тайжанова Аяулым
Тексерген: Жилгильдинова Мадина 

Семей 2022


Кіріспе
1. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі және оның құрамдас бөліктері
2. Инклюзивтік білім беру жағдайындағы педагогтың кәсіби құзыреттіліктері
3. Педагогтың кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру жолдары
Қорытынды

Әлемде болып жатқан жаһандану, экономикалық жүйелер бәсекелестігінің өсуі мен интеграция қоғам дамуының негізгі факторларының бірі болып табылатын білім беру саласындағы жүйелі өзгерістерді айқындайды. Бұл контексте заманауи білім беруді дамытудың парадигмасы ретінде ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалардың жеке мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін ескере отырып, олар үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін инклюзивтік білім беруді жүйелі түрде іске асыруымыз қажет.


Бүгінгі таңдағы педагогикалық теория мен практиканың даму тенденциялары ерекше білім беруді қажет ететін балаларды социумға неғұрлым кеңірек қосу қажеттілігімен байланысты болғандықтан мұғалімдердің инклюзивтік құзыреттілігін қалыптастыру проблемасы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Қазіргі инклюзивті білім беруді тәжірибеде жүзеге асыратын мұғалімдер ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту үшін мемлекеттік мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын және оқу пәндері бойынша бағдарлама мазмұнын бейімдеуде қиналатыны, олардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, қабілеттерін түсінбеуі, жекеленген оқытудың белгілі бір әдістемелерін қолдана алмауы, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен қалыпты балалар арасында тұлға аралық қарым-қатынасты орната алмауы, білмеуі және т.б. баршамызға мәлім.
Себебі, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарды даярлау көбінесе оқушыға қажетті кәсіби құзыреттілігінің барлық жүйесін қалыптастырмай, инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа дайындықтың жеке элементтерінің дамуы негізінде жасалады.
Олай болса, инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімді даярлау ерекшелігі білім беру үрдісінің нәтижесі білім мен дағдылар жүйесі емес, басты құзыреттер жиынтығы болатын құзыреттілік ыңғай жасауға бағытталуы керек. Негізгілері ретінде академиялық құзыреттер (жаңа білімдерді алуға қабілетін анықтайтын); әлеуметтік-тұлғалық құзыреттер (мемлекет пен қоғамның идеологиялық, адамгершілік идеалдарын сақтау қабілеті); кәсіби құзыреттер (проблеманы, міндеттерді қою, оны шешу жолдарын анықтау, жопарларды жасау және оларды педагогикалық әрекеттің әр түрлі салаларында орындау) бөлуге болады.

1. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі және оның құрамдас бөліктері


Инклюзивті оқыту – балалардың мекен-жайы бойынша оқу құқығы мен білім алуға негіз қалаушы құқықтарын қамту принципіне сүйенетін жалпыға білім беретін мекеме жағдайындағы білім беру қызметтерінің жүйесі. Сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатымен жалпыға білім беру ұйымдары оқу бағдарламалары мен жоспарларын, оқыту түрлері мен әдістерін бейімдеп, қалыптасқан ресурстарды пайдаланып, қоғаммен байланыста ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беруде жеке білім беру қажеттіліктері мен түрлі оқыту тәсілдерін қолдану керек.
Инклюзивті білім беруді іс жүзінде жүзеге асыру үшін тек білім орнының материалдық базасын кеңейту ғана емес, сонымен қатар қоғам мүшелерінің әртүрлі ұстанымдары мен көзқарастарын түзету және ең алдымен мұғалімдердің жаңа жағдайларда өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыруға дайындықтары сияқты бірқатар проблемаларды шешу қажет. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар білім беру мекемесін еркін таңдау мүмкіндік алуы тиіс екендігін ескере отырып, әрбір мұғалімге оның кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі ретіндегі инклюзивтік құзыреттіліктің қалыптасуы белгілі бір деңгейіне ие болуы қажет. Ол үшін мұғалімнің бойында кәсіби құзыреттіліктің жиынтығы көрініс табуы қажет.
Мұғалімнің кәсібилігінің жетілуі әр түрлі аспектілері көрініс табуын А.К.Маркова кәсіби құзыреттіліктің төрт түрін көрсетеді:
1. Арнайы, немесе әрекеттік кәсіби құзыреттілік әрекетті жоғарғы кәсіби деңгейде меңгеруді сипаттайды. Ол тек арнайы білім ғана емес, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдана алуды білдіреді.
2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдері мен бірігіп кәсіби өзара әрекеттестікті қолдану жолдарын меңгеруді сипаттайды.
3. Тұлғалық кәсіби құзыреттілік өзін өзі дамыту мен өз ойын білдіру әдістерін, кәсіби деформацияға қарсыласу құралдарын меңгеруді сипаттайды. Бұнда маманның өзі кәсіби әрекетін жоспарлау, өздігінен шешімдер қабылдау, проблеманы көре алу қабілеті де кіреді.
4. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін өзі реттеу, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға қарсы тұру, тұрақты кәсіби уәждемесінің тәсілдерін меңгеруді сипаттайды.
Құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру шеңберінде орындалған бірқатар зерттеулер (О. М. Бобиенко, Г. В. Никитина, А. П. Тряпицын және т.б.) қазіргі заманғы адамға (оқушыға, студентке, маманға) қажетті негізгі құзыреттілік құрамының қандай да бір түсіндірмесін сипаттады. Осының салдарынан «құзыреттілік» ұғымының шамадан тыс саны оның құзыреттерін құрайды .
Құзыреттер мен құзыреттіліктердің әртүрлі түрлерінің ара қатынасын реттеу үшін, біздің ойымызша, қызметтің мазмұны мен оны жүзеге асыру тәсілдері туралы түсініктерді ажыратып, құзыреттіліктің мазмұндық және функционалдық түрлерін бөлу қажет. Құзыреттілік дәстүрлі түрде маманның дайындық деңгейіне қойылатын әлеуметтік-негізделген талаптар ретінде түсіндіріледі, құзыреттіліктің белгіленген мазмұны құзыретті болу үшін, ал құзыреттілік тұлғаның интегративті сапасы ретінде, осы талаптарға сәйкестік деңгейін негіздейді.
Ресейлік С.А.Дружиловтың пайымдауынша педагогтың кәсіби құзыреттілігі маманды кәсіби даярлау кезінде қалыптасады. Бірақ та, егер ТжКББ оқу орнындағы оқуды кәсіби құзыреттілік негіздерінің (алғышарттары) қалыптасу үрдісі жүзеге асыратын болсақ, онда, педагогтың біліктілігін арттырудың 7 жүйесіндегі оқу арқылы іске асырылмақ, яғни бұл кәсіби құзыреттіліктің, ең алдымен оның жоғарғы құраушыларының дамуы мен тереңдеу үрдісі болады.
Атақты неміс педагог-дефектолог П. Шуманның айтуынша: «баланың психикалық даму деңгейі төмен болған сайын, мұғалімнің білім деңгейі соғұрлым жоғары болуы керек». Яғни, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін ерекше білім берудің қажеттілігін айқындайды. Себебі, инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімнің позициясы өзгереді.
Инклюзивті білім беру жағдайында педагог өз әрекетінде білім мазмұнын бейімдеу, тұлға аралық қарым-қатынасты дамыту сияқты т.б. қосымша міндеттер мен қызметтерді атқару керек. Мұғалімнің инклюзивтік құзыреттілігі оның кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі болып табылады және негізгі мазмұндық және функционалдық құзыреттіліктерді қамтиды.
Жалпы, базалық, арнайы және жеке құзыреттіліктердің жиынтығы ретінде педагог құзыреттілігінің тұтас құрылымын сипаттау үшін біз мынадай деңгейлерді (кесте 1) анықтап алдық.

Кесте 1 - Педагог құзыреттілігінің құрылымы



Қарау деңгейлері

Құзыреттілік түрлері

Құзыреттілік құрылымы

Негізгі мазмұндық құзыреттер

Негізгі функционалдық құзыреттер

Адамның жалпы құзыреттілігі

Жалпы (әмбебап)

1.Құндылық-мағыналық
2.Жалпы мәдени
3. Зияткерлік
4. Ақпараттық
5.Тұлғалық өзін-өзі жетілдіру

1.Білім беру
2.Коммуникативтік
3.Әлеуметтік-кәсіптік
4.Әлеуметтік-рөлдік

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі

Негізгі (белгілі бір кәсіби салада)

1.Құндылық-мотивациялық
2.Мәдениеттану-шылық
3.Зияткерлік-педагогикалық
4.Ақпараттық
5.Кәсіби-тұлғалық өзін-өзі жетілдіру

1.Операциялық
2.Диагностикалық
3.Болжамдық
4.Конструктивтік
5.Ұйымдастыру
6.Коммуникативтік
7.Технологиялық
8.Түзету
9.Зерттеу

Арнайы кәсіби құзыреттілік

Арнайы
(қызметтің нақты жағдайларында)

1.Мотивациялық
2.Когнитивті
3.Рефлексивті

Операциялық

Жеке кәсіби құзыреттілік



Жеке (нақты кәсіби міндеттерді шешуге бағытталған)

1.Мотивациялық
2.Когнитивті
3.Рефлексивті

Операциялық

Педагогтың нақты педагогикалық іс-әрекетті орындауды, нақты педагогикалық міндетті шешуді қамтамасыз ететін жеке кәсіби құзыреттілігінен тұрады.



2. Инклюзивтік білім беру жағдайындағы педагогтың кәсіби құзыреттіліктері
Мұғалімдердің инклюзивтік құзыреттілігі арнайы кәсіби құзыреттілік деңгейіне жатады. Бұл инклюзивтік білім беру үдерісінде білім алушылардың әртүрлі білім алу қажеттіліктерін ескере отырып және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі баланы білім беру ұйымының ортасына қосуды және оның дамуы мен өзін-өзі дамуына жағдай жасауды қамтамасыз ете отырып, мұғалімдердің кәсіби қызметтерін жүзеге асыру қабілетін негіздейтін интегративтік жеке білім беру кеңістігін құру керек .
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мұғалімдер үшін басшылыққа алатын педагогикалық принциптер мынандай:
- баланың мүдделерін сақтау;
- жүйелілік және қолжетімділік, үздіксіздік;
- вариативтілік;
- жалпы білім беру ортасына ықпалдасу;
- әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл;
- табыс жағдайын құру;
- адамгершілік;
- шыншылдық;
- вариативтілік;
- бейімділік;
дәйектілік;
- көмек көрсетудің ұсынымдық сипаты.
Педагогты инклюзивті білім беруді іске асыруға кәсіби даярлау процесінде ерекше білім беруді қажет ететін баланың денсаулығын ескере отырып жұмыс істеуге кәсіби-жеке дайындығын қалыптастыру қажет.
Педагогтың ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге кәсіби-тұлғалық дайындығы оның кәсіби-гуманистік бағытынан, кәсіби-құндылық бағдары мен кәсіби-тұлғалық қасиеттері, біліктерінің жиынтығынан тұрады.
Педагогтың кәсіби-гуманистік бағыты оның кәсіби іс-әрекетінің гуманистік құндылықтарын, оған қанағаттануынан, кәсіби шеберлікті меңгерудегі мақсаткерлігінен, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың гуманистік мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудегі пәрменділігі мен белсенділігін ұғыну арқылы көрінеді.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін мұғалім кәсіби-құндылықтық бағдарлардың келесі жүйесін меңгеруі тиіс:

  1. адамның жеке басының құндылығын оның денсаулығының ауырлық дәрежесіне қарамастан тану;

  2. білім беру нәтижесін оны алуға ғана емес, жалпы ерекше білім беруді қажет ететін баланың жеке басын дамытуға бағыттау;

  3. дамуында бұзылулары бар балалар үшін мәдениет тасымалдаушы және оның трансляторы ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну;

  4. үлкен рухани және энергетикалық шығындарды талап ететін ерекше білім беруді қажет ететін балалармен педагогикалық қызметтің шығармашылық мәнін түсіну.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогтің кәсіби-тұлғалық дайындығының маңызды құрамдас бөлігі – бұл көмек көрсетуге дайын болу. Психологтар көпшілік адамдардың көмекке дайындығы бірдей деп санайды. Эмпатия, жауапкершілік, қамқорлық деңгейі жоғары болған сайын, көмекке дайындық деңгейі соғұрлым жоғары. Адамның көмекке дайындығы тиісті жағдайларда дамиды.
Көмек көрсетуге дайын болудың компоненттері:
- мейірімділік,

  • эмпатия,

  • төзімділік,

  • педагогикалық оптимизм,

  • өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейі,

  • тілектестік,

  • бақылау қабілеті,

  • бақылауды қосу қабілеті,

  • педагогикалық жұмысты оңтайландыру үшін бала (ересектер) туралы ақпараттың ұлғайған көлемін пайдалану қабілеті,

  • перцептивтік іскерліктер (баланың ішкі әлеміне ену қабілеті,

  • баланың жеке басын және оның уақытша психикалық жай-күйін нәзік түсінумен байланысты психологиялық бақылау),

  • педагогикалық жұмыстың мәселелерін, міндеттерін және т.б. шешудегі креативтілік,

  • шығармашылық көзқарас.

Қайырымдылық-гуманизмнің маңызды көріністерінің бірі. Қайырымдылық ұғымында рухани-эмоционалдық (өзінше біреудің ауыруын бастан кешіру) және нақты-практикалық (нақты көмекке келу) аспектілер біріктірілді. Барлық тірі адамдарға, көмекке мұқтаж адамдарға, сондай-ақ өзін-өзі қамтамасыз ететін адамдарға қатысты қарастырылатын ізгілік пен мейірбандық көмекке мұқтаж адамдарға (мүгедектерге, науқастарға және т.б.) қатысты қолданылады және мұқтаждар мен көмектің өзіне көмектесуге дайын екендігін көрсетеді.
Эмпатия – ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін педагогтың маңызды кәсіби сапасы, ол баланы түсінуді, оған деген сезімді, жағдайды оның көзімен көруді, оның көзқарастарына тұруды көздейді және балаға айналасындағылар тарапынан жылы эмоционалдық қарым-қатынасты білдіретін қабылдау феноменіне айналу.
Төзімділік - күйзеліске, белгісіздікке, қақтығыстарға, мінез-құлықтық ауытқуларға, агрессивті мінез-құлыққа, нормалар мен шекаралардың бұзылуына шыдамдылықты қамтиды. Педагогтың кәсіби қызметінде тәрбиеленушілердің әдеттен тыс сыртқы түріне, олардың барабар емес мінез-құлқына, сөйлеуіне, жүріс-тұрысына толерантты, тыныш-тілектестік қарым-қатынас танытуға тура келеді. Сондықтан педагог үшін төзімділіктің жоғары деңгейі оның қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды қасиеттердің бірі.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қатысты педагогикалық оптимизм осындай баланың дамуына, оның әлеуетіне сенуге деген сенімділікті болжайды. Сонымен қатар, балаға жоғары талаптар қоюдан, одан жоғары нәтижелер күтуден аулақ болу керек.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін педагог өз қызметін реттеудің жоғары деңгейіне ие болып, күйзеліс жағдайларында өзін-өзі бақылауы, жағдайдың өзгеруіне тез және сенімді әрекет етуі және шешім қабылдай білуі тиіс. Ол өз арсеналында жағымсыз эмоцияларды жеңе білуге мүмкіндік беретін релаксация дағдысын, өзін-өзі меңгеру қабілетін, қиын, күтпеген жағдайларға тез бейімделу қабілеті болуы қажет.
Педагогтың өзін-өзі ұстауы және оның тепе-теңдігі, эмоционалды тұрақтылығы балалар арасындағы, балалар мен педагог арасындағы қарым-қатынастардағы даулы жағдайларды ескертуге мүмкіндік береді, бұл оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру үшін ерекше маңызға ие, онда ерекше білім беруді қажет ететін баланың жүйке жүйесін аяушылық режимді құруға, оны артық ойдан және шаршаудан қорғауға ерекше орын беріледі.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогке олардың сыпайылық пен әдептілік танытуы, оның ішінде тәрбиеленушінің қызметтік ақпараттары мен жеке құпияларының құпиялылығын (яғни деонтологиялық менталитет) сақтай білуі маңызды талап болып табылады.
Педагог ерекше білім беруді қажет ететін баламен жұмыста таңдап алған мақсаттары, міндеттері, мазмұны, оқыту және тәрбиелеу әдістері үшін жауапты, өйткені бастапқыда мұндай бала қалыпты дамып келе жатқан құрдастарына қарағанда педагогикалық көмекке зәру және өте тәуелді. Осылайша, педагогтың ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге кәсіби-тұлғалық дайындығы жеке ресурстарға негізделген тұтас сапа кешенінің қалыптасуыан тұрады.

3. Педагогтың кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру жолдары


Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мұғалімнің даярлығының мазмұнына міндетті түрде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін білуі керек, оқу-тәрбие үрдісінде осы санат топтарындағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет, осы санаттағы балаларды оқытудың спецификалық әдістері мен тәсілдерін дұрыс таңдай білулері керек, сонымен қатар жеке және топтық оқыту бағдарламаларын дұрыс үйлестіре білу тәсілдерін меңгерулері тиіс. Осының бәрі педагогты инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуына негіз болады. Соның барысында кәсіби құзыреттіліктің мотивациялық компоненттерін (өмірлік ұстанымға берік болу, позитивті көзқарас, кәсіби қызығушылықтарын нақтылау және дамыту, т.б.) және тұлғалық компонентін (таңдаудың саналығы, тұлғалық қасиеттарін қалыптастыру және т.б.) дамытуға көп көңіл бөлу қажет.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты жүзеге асыруда педагогтың кәсіби даярлығын қалыптастырудың үш негізгі бағыты болады :
1. Өзара сыйластық, шыдамдылық және оптимизм негізінде «педагог-бала» өзара индивидуалды жүйеде әрекеттесу қабілетін қалыптастыру.
2. Мектеп мұғалімдерінде өнімді әрекет жағдайына бейімділікті қалыптастыру:
- психологиялық бейімділік – даму мүмкіндігі шектеулі балаға пәнаралық өзара әрекетті ұйымдастыру мақсатында педагогикалық үдерістің барлық субъектілерімен («мектеп мұғалімі – арнайы педагог (дефектолог)», «мектеп мұғалімі – психолог», «мектеп мұғалімі – даму мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы»және т.б.) өзара әрекеттесу, байланысу, сөйлесе алу қабілеті;
- технологиялық бейімдік – жалпыпедагогикалық қабілет (оқушылардың әрекеттерін дұрыс жоспарлау және ұйымдастыра алу), теориялық білімді нақты баланың мүмкіндіктері мен типологиялық ерекшеліктеріне айналдыра алу және т.б.;
- білім беру ұйымының әкімшілік-педагогикалық әрекет жүйесінде педагогтарды өзара нәтижелі әрекеттесуге бейімдеу.
3. Педагогтарда даму мүмкіндігі шектеулі балалармен нәтижелі педагогикалық әрекетке әсер ететін тұлғаның кәсіби-маңызды сапаларын қалыптастыру: түрлі ерекшеліктерге қарамастан әрбір адамға құрмет, жанашырлық таныту және болашаққа оптимизммен қарау, т.б.
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мұғалімнің құзыреттіліктеріне негізделген маңызды әдістемелік тұрғыдағы педагогикалық көмек түрлері жүргізілуі қажет.
Педагогтердің әдістемелік тұрғыдан инклюзивтік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары мынандай:
- әдістемелік бірлестіктерде, шығармашылық топтарда жұмыс;
- дәрістер, семинарлар, пікірталастар өткізу;
- зерттеу, эксперименталды қызмет;
- инновациялық қызмет және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру;
- педагогикалық қолдаудың түрлі формалары;
- педагогикалық конкурстарға, практикалық сабақтарға белсенді қатысу;
- оқытудың белсенді әдістерін, шеберлер сағаты;
- өзін-өзі жетілдіру.
Кәсіптік маңызды қасиеттердің деңгейін анықтау үшін диагностикалық әдістемелер кешенін пайдалану қажет, ол диагностика нәтижелері ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін педагогке қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек және диагностиканың нәтижесі өз белсенділігін түзетуге, дамытуға, құзыретті педагог үшін қажетті құрамдас бөліктерді жетілдіруге бағытталуы керек.
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мектеп мұғаліміне кейбір кездері жалпы білім беру үдерісіне баланы нәтижелі енгізу үшін қосымша кеңес пен қолдау керек болуы мүмкін.
Кеңесті әр түрлі дереккөздерден алуға болады:
1) Консультативті-әдістемелік орталықтар, педагогтарды қолдау орталықтары немесе ресурстық орталықтарда балаға бағдарланған нәтижелі, инклюзивті білімберу әдістері, материалдар мен сабақтағы әрекеттер бойынша кеңестер алуға болады.
2) Әлеуметтік педагог немесе бала психологы психологиялық жарақат алған немесе оқудағы қиындықтар туындаған жағдайда, баланың әлеуметтік немесе мінез-құлық проблемалары оның отбасымен немесе/және құрдастарымен байланысты үзуге әкелген жағдайларда көмек көрсете алады.
3) Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтары мен логопедтер нақты әрбір балада негізгі дағдыларының (күнделікті өмір, ойын, араласу, оқыту) даму ерекшеліктерін практикалық түсінуді қалыптастыруға, бұл балалармен жұмыс жоспарын жасау мен бағалауда көмектесе алады.
4) Медициналық қызметкерлер, әр түрлі маманданған дәрігерлер, диетологтар әр түрлі органикалық немесе қызметтік себептерден болған бой өсуінің тежелуі, көруі немесе естуі нашарлаған, оқуы мен мінез-құлқында проблемалар туындаған жағдайда елеулі көмек көрсете алады.
Инклюзивті білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтәк бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергіліерді жоюға, ата –аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктерінек бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Қорытынды


Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалық кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы деп шешілген.
Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беру бағыты бойынша мынандай іс-шаралар көрсетілген:

  1. денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қорғаудың ақпараттық жүйелері интеграцияланады. Бұл психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға (бұдан әрі – ПМПК) «медициналықтан» «педагогикалық» үлгіге көшуге мүмкіндік береді.

  2. инклюзивті практикаларды дамыту және педагогтермен тәжірибе алмасу үшін мектептер базасында ресурстық орталықтар құрылады.

  3. мектептер мен колледждер ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар инклюзивті ортада балаларды сүйемелдейтін тиісті мамандармен қамтамасыз етілетін болады.

  4. Кәсіби стандарт негізінде осы бағыттағы педагогтер (пән мұғалімдері, педагогтер, педагог-ассистенттер және басқалар) үшін біліктілік талаптары жаңартылады.

Сонымен, инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту негізінде білім алушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Кеңес педагогы К.Д.Ушинскийдің білім алғанша, қазіргі жағдайда мұғалім ерекше маңызға ие екендігі туралы пікірі біздің зерттеу тақырыбымыздың маңыздылығын ашады. Олай болса, өмірдің өзі күн тәртібіне үздіксіз педагогикалық білім беру проблемасын, мұғалімнің өз бетімен үздіксіз жұмыс істеу арқылы үнемі жетілдіру қажеттілігін қоя отырып, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен өзін-өзі жетілдіруі маңызды педагогикалық талап демекпіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет