Бағдарламаның көлемі: бағдарлама оқу жылы бойынша 34 сабаққа
есептелген.
Жұмыс түрі: аптасына 1 рет – жеке, топтық жұмыс.
Жұмыстың жүргізілу уақыты: Жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтың ұзақтығы 25 - 35 минут
мөлшерінде белгіленуі керек.
Жұмыс барысы:
1. Ұйымдастырушылық-әдістемелік кезең. Бұл кезеңде ПМПК ұсынысы және арнайы мамандарының ұсынысы (жекелей кеңестер жүргізу арқылы) бойынша жеке,топқа балаларды жинау.
2. Диагностикалық кезең. Балаларды жекелей және топпен сараптамадан өткізу, анықтамалық мәліметтер жинау. Балаға сараптама жүргізу дефектолог,логопед,психологтың қатысуымен жүргізіледі.
3. Түзету-дамыту кезеңі. Дефектологтың балалармен жекелей және топтық сабақтар жүргізіледі.
4. Қорытынды кезең. Қорытынды сараптама жүргізу және қорытындысын шығару. Балаларды диагностикалық сараптамадан өткізу жылына 2-рет, оқу жылының басында және оқу жылының соңында өткізіледі. Сонымен қатар, жұмыс нәтижесі бағдарлама бойынша қаралады. Әр сабақ сайын дефектолог ортаға әсер етуші негізгі мәліметтер жинақталып, функциональдық білім жүйесі кеңейтіліп отырылады.
« Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушылардың зейін көлемін дамыту »
бағдарламасы – аптасына 1 рет, 34 сағат.
Р/с№ Тақырыбы Сағат саны Мазмұны
1. «Не өзгерді?» 1 Баланың ырықты зейінін дамыту
2. «Айырмашылығын тап» 1 Баспа әріптердің элементтерінің орналасуындағы ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету.
3. «Корректуралық байқау» 1 Жазылған әріптер мен сандарға талдау жасауға үйрету және ішінен керегін таба білуге үйрету. Бұл арқылы зейіннің тұрақтылығын және концетрациясын дамыту.
4. «Алақан шапалақтау» 1 Бала зейінін тез аударуға қабілеттілігін және тез бөлінгіштігін дамыту.
5. «Рұқсат етілмейтін түстер» 1 Бала зейінінің шоғырлануын және бөлінгіштігін дамыту.
6. «Рұқсат етілмейтін қимыл» 1 Баланың зейінінің тұрақтылығын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |