Ибн Сина метафизиканы Аристотельдік түсінікте ала отырып,оның предметін анықтаумен бірге,субстанция,дене,форма,себептілік,қажеттілік,мүмкіндік,мән,қозғалыс сияқты негізгі ұғымдарға талдау берген. Ал “Жан туралы кітабында” ол Аристотельден гөрі Плотиндік концепцияға жақын. Дене мен жан деген проблема- Ибн Сина дүниетанымының басты арнасы. Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары - Қалам (сөз, тіл) – спекулятивтік теология.
- Спекуляция -тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді.
- Қалам – мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр түрлі секталар мен топтар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін ислам діни ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі Иран ойшылы Мортаза Мотаххари қаламға «исламдық көзқарастар туралы, яғни ислам тұрғысынан алғанда не нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым» деген анықтама береді.
Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер – құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады. Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер – құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады. Қаламның беделді мектептерінің бірі – мутазилизмде – (оқшаулану-шылар, бөлектенушілер) – рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, фи-лософия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаны негізін қалады. Суфизм – «алладан басқа құдай жоқ» қағидасын «алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ» қағидасымен алмастырды. Суфизм – ислам дініні рухы, мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю. Пайдаланылған әдебиеттер: - Әбішов Қ. Философия. Алматы,2001
- Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. Алматы,2004
- Суреттер yandex.kz сайтынан алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |