ОрындағАН: Зеил Айкүміс тобы: 607-18 ҚабылдағАН



бет2/10
Дата20.12.2021
өлшемі0,84 Mb.
#104295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
607-18 Зеил Айкүміс биометрия презентация

Биометрияның шығу тарихы

Биометриядағы бұдан кейінгі жүргізілген басты зерттеулерді, биометриктердің белгілі мектептерін ұйымдастырып, негізгі биометрикалық қондырғыны жасаушы ағылшын ғалымдары Фрэнсис Гальтон (1822-1911) және Карл Пирсон (1857-1936) еңбектерімен байланыстырылады. Ағылшын биометрия мектебі 19 ғасырдың екінші жартысында экспериментальді биологияның қарқынды дамуы және биология ғылымында төңкеріс жасаған Ч. Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық теориясы әсерлерінен қалыптасты. 

Табиғаттағы кездесетін биологиялық түрлерді өзгермейтін бірліктер деп қарастыратын қалыптасып қалған ескі – метафизикалық көзқарасқа (К. Линней, Ж. Кювье) қарсы, Дарвин, алғаш рет органикалық дүниенің эволюциясы жөніндегі тұжырымды жасайды. Тірі дүниедегі болып тұратын өзгерістердің себеп-шарттарының статистикалық сипатына байланысты жүретін табиғи іріктеу принципіне сүйене отырып, Дарвин, Гегелдік кездейсоқтық пен қажеттілік, себеп пен салдар және бөлшек пен бүтін араларындағы ішкі бірліктің бар екендігі жөніндегі концепциясының дұрыс екендігін қуаттайды.Дарвиннің биология ғылымына қосқан табиғи сұрыптау теориясының негізгі жаңалығы да осы болатын.

Ф. Гальтон мен К. Пирсон биометрия ғылымының негізін қалаушылар деп есептеледі. Олардың ойлап тапқан статистикалық әдістемелері уақыт таразысы сынынан мүдірмей өтіп, биометрия мен математикалық статистиканың алтын қорына енді.

Биометрия ғылымына көп еңбек сіңірген одан кейінгі ғалымдар легі ішінде Фишердің шәкірттері Ф. Иетс, Ч. Блисс және Пирсонның шәкірті болып табылатын Дж. Юлл (1871-1951) айтуға болады. Бұлардан басқа ағылшын биометриктері мектебінің ғалымдары Н. Бейли, М. Кендэл, Д. Снедекор, С. Уилкс де өздерінің сүбелі үлестерін қосқан.

Сонымен, биометрия қолданбалы ғылымдар қатарына жатады. Биометрияның негізгі заңдылықтары Гаус-Лаплас, Ньютон биномы, ықтимал теорияларына сүйенеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет