3.Өлшем бірліктерді талдау әдісі. Ұқсастық теориясы тәсілдерін процестер дифференциялдық теңдеулер мен өрнектелуі мүмкін кезде ғана қолдануға болады. Бірақ, өте күрделі процестерді зерттеген кезде, көбінесе, олардың дифференциалдық теңдеулермен өрнектеу мүмкін емес. Осындай процестерді зерттегенде оларды өрнектейтін санды (критерийлі) теңдеулер алу үшін өлшем бірліктерін талдау тәсілін қолданады. Процесті алдынала тәжірбие нәтижесінде зерттегенде, оған процеске қандай физикалық шамалардың әсер ететіндігін және олар қандай өлшемдермен өлшенетіндігі белгілі болса ғана, бұл тәсілді қолдануға болады. Бұл тәсілдін негізгі Бекингемнің теоремасы болып табылады: Егер процесті (құбылысты) сипаттайтын жалпы функциялық байланыс n физикалық өлшемді шамалармен (мысалы, жылдамдық, тығыздық, тұтқырлық және т.б.) өрнектелсе және бұл шамалар m негізгі өлшем бірліктерімен (мысалы, масса, ұзындық, уақыт) өлшенсе, онда мұндай функциялық байланыс – осы шамалардан түзілген (n-m) ұқсастық саны (критерийі) бар санды (критерийлі) теңдеумен өрнектеледі. Мысалы, нақты (тұтқыр) сұйықтың қалыптасқан қозғалысын қарастырайық. Мұндай қозғалыста құбырдың бастапқы және соңғы нүктелеріндегі қысымдар айырмасы (р), құбырдың диаметрі (d) мен ұзындығы (l), сұйықтың тығыздығы , тұтқырлығы , жылдамдығы (w) және еркін түсу үдеуі (g) әсер етеді. Қорытынды - Қорыта келгенде өлшемдер анализінің тәсілі бойынша, процестерді өрнектейтін санды (критерийлі) теңдеуді шығарып алу үшін процеске әсер ететін шамалар саны және олардың бірлік өлшемдері белгілі болса болғаны. Тәжірибе арқылы процестерді зерттеуде бұл тәсілдің маңызы күшті.
. Қолданылған әдебиеттер тізімі 1.Беккер М.Е., Лиепиньш Г.К.. Райпулис Е.П. Биотехнология. .1990, 368 с. .net/Biologiya/
Достарыңызбен бөлісу: |