Амур – Шығыс Азия өзені. Ресей, Қытай және Монғолия территорияларымен ағып өтеді. Амур өзенінің бассейні Шығыс Азияның қоңыржай ендіктерінде орналасқан. Өзен бассейні 4 зонаны алып жатыр: орман, орманды дала, дала, шөлейт. Бассейннің оңтүстік-батысындағы шөлді бөліктерінде жылдық жауын-шашын мөлшері – 250-300мм, ал Сихотэ-Алинь жотасында 750мм дейін жетеді. Амур өзені Шилка және Аргунь өзендерінің бірігуінен түзіледі. Өзеннің жалпы ұзындығы - 4359км. Бассейнінің ауданы – 1855 мың км кв. Ауданы жөнінен дүние жүзінің өзендері бойынша 10-орында.
АМУР
Достарыңызбен бөлісу: |