Тайвань – Тынық мұхиттағы арал, Қытайдың шығыс жағалауынан 150 км қашықтықта орналасқан. Материктен Тайвань бұғазы арқылы бөлініп тұр. Солтүстігін Шығыс-Қытай теңізі, оңтүстігін Оңтүстік-Қытай, Филиппин теңіздері, шығысын Тынық мұхиты шайып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке 394 км, батыстан шығысқа 140 км созылып жатыр. Ауданы 35 834 км кв. Жағалауы аз тілімденген. Аралды Тайвань таулары алып жатыр. Халқының 90%-ы аралдың батыс бөлігінде тұрады. Климаты солтүстікте – субтропиктік, оңтүстікте – тропиктік муссондық. Жауын-шашын мөлшері 1500-5000 мм аралығында. Тамыз-қыркүйек айларында тайфундар жиі болып тұрады. Өзендері таулардан басталады және су энергетикасы мен суландыру үшін қолданылады. Аралда ылғалды тропикалық ормандар басым. Экологиялық жағдайы нашар. Антропогендік факторлардың әсерінен көп ластанған.
Хайнань – Қытайдың оңтүстігінде орналасқан арал. Астанасы – Хайкоу қаласы. Халқы – 8,18 млн адам. Тропикалық арал болып табылады. Гавай аралдарымен бір ендікте орналасқан, кейде “Шығыс Гавай” деп те аталады. Ауданы 33 920 км кв. Арал Оңтүстік-Қытай теңізімен шайылып жатыр. Оңтүстік және орталық бөліктерін ормандар алып жатыр. Флорасы мен фаунасының көптеген түрлері эндемик болып табылады. Хайнань ауданы бойынша Қытайдың Тайваньнан кейінгі 2-ші аралы. Ауаның орташа жылдық температурасы аралда +24 С; суда +26 С.
Пайдаланған әдебиеттер:
История Древнего Востока. Кн.1. Ч.2. С.149, 188
Азия // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
Asia Maps. Perry–Castañeda Library Map Collection. University of Texas Libraries. Дата обращения 20 июля 2011. Архивировано 18 июля 2011 года.