Орындаған:Қамысбек Гүлзат Тексерген: Исаева А. Тобы: 5В011400-тарих



бет22/28
Дата07.02.2022
өлшемі4,7 Mb.
#83260
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
Орталық және Шығыс Азия халықтары

Батыс Корея шығанағы – Корея мен Қытай жағалауларын шайып жатқан Сары теңіздегі шығанақ. Батысында Бохай бұғазынан Ляодун түбегімен бөлініп жатыр. Шығанақтың көп бөлігі 50метрден төмен жатыр. Жағалау бөліктерінде жартасты аралдар шоғырланған. Шығанаққа Ялуцзян өзені келіп құяды.

Корея түбегінде орналасқан Шығыс Азия мемлекеті. Оңтүстік Корея деп те аталады. Корея Республикасы Корея түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатыр. Батысында Сары теңізбен, шығысында Жапон теңізімен, оңтүстігінде Корей бұғазы және Шығыс Қытай теңізімен шайылып жатыр. Елдің жалпы ауданы – 99 617,38 км кв. Жер бедері таулы болып келген, жазықтар тек елдің 30%-н ғана алады. 3000-ға жуық аралы бар. Климаты муссондық, жазы ыстық, құрғақ; қысы салқын, құрғақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1400 мм жуық. Әлемдегі қайық шығарушы ірі елдердің бірі, 45% тиесілі.


КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
Чеджудо (Чеджу) – Оңтүстік Кореяның ең ірі аралы және ең кіші ауданы. Астанасы – Чеджу қаласы. Арал Корей бұғазында орналасқан. Ауданы – 1 845,55 км кв. Халқы – 560 мың адам (2004ж). Мұнда Оңтүстік Кореяның ең биік тауы болып табылатын Халласан жанартауы орналасқан (1950 м). Климаты субтропиктік, Кореяның басқа бөліктеріне қарағанда жылы. Аралдың әсем табиғаты Бүкіләлемдік мұра ретінде ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған.
МОНҒОЛИЯ
Шығыс Азия мемлекеті. Солтүстігінде Ресеймен, шығысы, оңтүстігі және батысында Қытаймен шектеседі. Теңізге шыға алмайды. Ауданы – 1 564 116 км кв. Астанасы – Улан-Батор. Аумағын теңіз деңгейінен 900-1500 метр биіктіктегі үстірттер алып жатыр. Осы үстірттердің бойымен таулы массивтер мен жоталар тізбегі орналасқан. Олардың ең биігі – Монғол Алтайы. Ал Гоби Алтайы соның жалғасы болып табылады. Монғолияның оңтүстік бөлігін Гоби шөлі алып жатыр. Жербеті сулары мұнда сирек болғанмен, жерасты суларының деңгейі үлкен. Өзендері таулардан басталады. Ең ірілері: Селенга, Керулен, Онон, Халхин-Гол. Ел аумағында 1000-нан астам көл бар. Ірілері: Убсу-нур, Хара-Ус-нур, Хиргис-нур. Монғолияның климаты шұғыл континентті, яғни қысы қатаң, жазы құрғақ ыстық. Жауын-шашын елдің солтүстік-батысында 250-510 мм болса, Улан-Баторда тек 230-250мм. Монғолия 21 аймаққа және Улан-Батор астанасы болып бөлінеді. Экономикасы ауыл шаруашылығы мен пайдалы қазбалар өндіруге негізделген.
ГОБИ – Монғолия мен Қытай аумағын алып жатқан кең ауқымды аймақ. Шөлді және шөлейтті ландшафттарымен сипатталады. Алтай және Тянь-Шань тауларынан басталып, Сотлүстік Қытай үстіртіне дейін созылып жатыр. Климаты шұғыл континентті; қысы өте суық, күшті желдер болып тұрады; жазы ыстық болып келеді. Қыста температура -40 С-қа дейін, ал жазда +45 С-қа жетуі мүмкін.
“Гоби” сөзі “сусыз жер” деген мағынаны білдіреді.
Гоби шөлі бірнеше географиялық аймаққа бөлінеді :
1. Алтайлық Гоби.
2. Монғолдық Гоби.
3. Алашань.
4. Гашундық Гоби.
5. Жоңғария.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет