Орындаған:Қамысбек Гүлзат Тексерген: Исаева А. Тобы: 5В011400-тарих



бет19/28
Дата07.02.2022
өлшемі4,7 Mb.
#83260
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
Орталық және Шығыс Азия халықтары

Фудзи, Фудзияма – Хонсю аралындағы жанартау, Токио қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 90 км қашықтықта орналасқан. Биіктігі – 3776м. Соңғы рет 1707-1708жж атқылаған.
Діни тұрғыдан жергілікті халқы бұл жанартауды қасиетті деп санайды. Бүгінде Фудзи шыңында синтоистік шіркеу мен метеостанция салынған.
Фудзи тауы Еуразия, Филиппин және Охот плиталарының түйіскен нүктесінде, көпжылдық жанартау атқылау ауданында орналасқан. Бір қызығы, шілде-қыркүйек аралығында таудың басындағы қар түгелімен еріп кетеді.
Фудзи жанартауы
Хоккайдо (“солтүстік теңіз жолы”) – Жапониядағы 2-ші ірі арал. 1859жылға дейін Мацумаэ деп аталып келген. Ауданы – 83500 км кв. Халқы – 5600мың адам.
Хонсю аралынан Сангар бұғазы арқылы бөлініп тұр. Аралдың солтүстік жағалауы Охот теңізімен шайылып жатыр. Ең биік шыңы – Асахи тауы. Ірі қаласы – Саппоро.
Климаты Жапонияның басқа аудандарына қарағанда біршама салқындау; жазы құрғақ, қысы қатаң болып келеді. Орташа жылдық температура +8 С. Тынық мұхитымен жуылып жатқандықтан бұл аралда орташа есеппен жылына 17 ашық күндер, жазда 149 жаңбырлы, қыста 123 қарлы күндер тіркелген.
Кюсю – Жапон архипелагындағы 3-ші ірі арал. Ауданы 35,6 мың км кв шамасында. Халқы 14,7млн адам (2003ж). Әкімшілік жағынан 7 ауданға бөлінеді: Кагосима, Кумамато, Миядзаки, Нагасаки, Оита, Сага және Фукуока. Хонсю аралынан Каммон бұғазы арқылы бөлініп тұр. Арал шығысында Тынық мұхитымен, солтүстік-шығысында Ішкі Жапон теңізімен, батысында Шығыс Қытай теңізімен шайылып жатыр. Жағалаулары қатты тілімденген. Жер бедері таулы: солтүстік-батысында аласа таулар мен төбелер, оңтүстік-шығысында орташа биіктіктегі таулар орналасқан. Ең биік нүктесі – Кюдзю сөнген жанартауы. Климаты – субтропиктік, муссондық. Жылына 3000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Тайфундар жиі болып тұрады. Кюсю Куросио және Цусим жылы ағыстарымен жуылады. Өсімдіктері биіктік белдеулік бойынша таралған.
Сикоку – Жапон архипелагындағы 4 ірі аралдың ең кішісі. Ежелгі атауы – Ие-но-футана-сима. Ауданы – 18 813 мк кв, халық саны – 4 141 955 адам (2005ж). Сикоку аймағына 4 аудан кіреді: Кагава, Коти, Токусима және Эхимэ. Хонсю аралымен Акси-Кайке көпірі арқылы байланысады. Көлемі бойынша дүние жүзіндегі 50-ші арал. Аралда аласа таулар бар. Мысалы, Исицуки тауының биіктігі 1982м.
БИВА көлі – Жапониядағы ең ірі тұщы көл. Хонсю аралының орталық бөлігінде орналасқан.
Ауданы – 670,4 км кв. 3 аралы бар және Хиконэ, Оцу қалалары орналасқан. 400 өзен келіп құяды.
Ежелгі көлдердің бірі, 4 млн жыл бұрын қалыптасқан. Мұнда 1100 түрі тіркелген.
Тонэ – Жапониядағы өзен, Канто ауданының территориясы бойымен ағып өтеді. Өзеннің ұзындығы 322 км. Бассейнінің ауданы 15 760 км кв. Жапонияның ірі өзендерінің бірі болып табылады. Бастауын Оминаками тауынан алып, Тынық мұхитына барып құяды.
Теміржол салынбастан бұрын бұл өзен маңызды көлік артериясы болған. Оның бойымен жергілікті азық-түліктер тасымалданған. Тонэ өзенін жергілікті халық Бандо-Таро деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет