Жапонияның ауданы - 377,9мың шаршы км-ге жуық, оның ішінде құрлық -364,4мың шаршы км, су – 13,5мың шаршы км-ді құрайды. Жағалау сызығының жалпы ұзындығы – 19240км. Ірі түбектері – Кии, Осима. Ел аумағының 75%-н аласа және орташа таулар қүрайды. Ең ірі ойпаты – Канто. Климаты солтүстікте салқын температурадан оңтүстікте субтропиктік белдеуге дейін ауытқып тұрады. Және де бұл жердің климаты қыста құрлықтан, ал жазда мұхиттан соғып тұратын маусымдық желдерге де тәуелді. Мемлекеттің 66%-дан астам бөлігін ормандар алып жатыр. Жапонияда ағаштар мен бұталардың 700-ден астам түрі, шөптесін өсімдіктердің 3000 жуық түрі кездеседі. Ал фаунасына сүтқоректілердің- 270, құстардың- 800, жорғалаушылардың -110 түрі кіреді.
ЖАПОНИЯ
Жапонияның спутниктен көрінісі
Топографиялық картасы
Осакадағы бизнес-парк
Ұлттық спорты – сумо
Токио университеті
ASIMO роботының моделі
Достарыңызбен бөлісу: |