Орындаған:Қамысбек Гүлзат Тексерген: Исаева А. Тобы: 5В011400-тарих



бет26/28
Дата07.02.2022
өлшемі4,7 Mb.
#83260
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Орталық және Шығыс Азия халықтары

Ұлы Қытай жазығы – ауданы 325 мың км кв құрайтын тегіс жазық. Сары және Шығыс Қытай теңіздерінің жағалауы бойымен Қытай шығыс бөлігінде орналасқан. Оның шығысын Шаньдун таулары қамтиды. Климаты – субтропиктік, муссондық. Қысы құрғақ, жазы ылғалды келеді. Су тасқындары жиі болып тұрады. Жазық бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай Ұлы канал салынған. Ұлы Қытай жазығы Қытайдың басты егін шаруашылық ауданы болып табылады. Халық тығыз қоныстанған. Қытай географтары жазықты 2-ге бөледі: Солтүстік Қытай жазығы; Янцзының орта және төменгі ағыс жазығы.


Шығыс-Қытай теңізіШығыс Азия жағалауы мен Рюкю, Кюсю аралдарының аралығында орналасқан Тынық мұхит теңізі. Ауданы – 836 мың км кв. Ең терең нүктесі -2719м. Судың орташа температурасы ақпанда 7-16 С, тамызда 27-28 С. Суының тұздылығы 30-34,5 промилле. Теңізге құятын ең ірі өзені – Янцзы. Теңіздің түбі батыс жағалауында тегіс емес. Мұнда жер сілкіністері көп болып тұратындықтан теңіздің жер бедері өзгеріп тұрады. Және сілкіністің салдарынан бұл жерде цунамилер пайда болады. Аралдардың қасында жүзу өте қауіпті, себебі онда жартастар, рифтер өте көп.
Шығыс Қытай теңізі биологиялық ресурстарға бай. Балық өнеркәсібінің негізін сельд, сардина, краб, теңіз балдырлары құрайды.
ХУАНХЭ – Қытайдағы өзен. “Сары өзен” деген мағынаны білдіреді. Тибет таулы қыратының шығысынан басталып, Орин-Нур және Джарин-Нур өзендері бойымен ағып өтеді де, Ұлы Қытай жазығына шығады, ең соңында Сары теңіздің Бохай шығанағына барып құяды. Ұзындығы 5464 км. Бассейнінің ауданы 752 000 км кв.
Хуанхэнің орта ағысы
Люцзяся СЭС
Хуанхэ өзенінің ауыл шаруашылығындағы маңызы зор. Өзеннің бойына бірнеше СЭС-лары салынған. Ұлы Канал арқылы Хуайхэ және Янцзы өзендерімен біріккен. Өзен аңғарына халық көп қоныстанған. Ондағы ірі қалалар: Ланьчжоу, Иньчуань, Баотоу, Лоян, Чжэнчжоу, т.б.
Ланьчжоу қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет