Ботаникалық атауы (қажет болған жағдайда жіктеуші автордың атауымен, мысалы Linnaeus);
Өсімдіктің шығу тегі туралы толық мәлімет (мемлекет немесе өсу немесе таралу аймағы, жинау мерзімі, жинау әдістемесі, мүмкін қолданылатын пестицидтер);
Өсімдік толығымен немесе тек бір бөлігі ғана қолданылатыны туралы мәлімет;
Кептіру әдістері туралы ақпарат (егер кептірілген шикізат қолданылса);
Өсімдіктің сипаттамасы (макро - және микроскопиялық талдау);
Қажет болған жағдайда нағыз стандартты үлгілерді қолдана отырып, белгілі активті ингредиенттер үшін негіздігін анықтау әдістері туралы ақпарат;
7. Қажет болған жағдайда белгілі терапевтикалық активті компоненттерді сандық талдау;
Мүмкін болатын пестицидтер контаминациясын және пестицидтердің жіберілетін мөлшерін анықтау әдістерін сипаттау;
Саңырауқұлақтар немесе микробтық контаминацияны, афлатоксиндер мен паразиттер инвазиясын анықтайтын, сондай-ақ жіберілетін шектерін анықтайтын әдістемелерді сипаттау;
10. Ауыр металдар мен радионуклеидтер іздерін дәлелдейтін сынамалар әдістемелері;
11. Бөтен текті материалдардың барлығына сынамалар әдістемелері.
|
Бүгінгі таңда дәрілік өсімдік шикізатына аналитикалық құжат айтарлықтай дамыған және келесідей сапа көрсеткіштерін қарастырады: дәрілік өсімдік шикізатының атауы латын, мемлекеттік және орыс тілдерінде көпше түрде, баптың преамбуласында дәрілік өсімдіктің және тұқымдасының атауы латын, орыс және мемлекеттік (қазақ) тілдерінде, бүтін немесе ұсақталған шикізатының түрі көрсетіледі. Преамбуладан кейін негіздігін (сыртқы белгілер, микроскопия, сапалық реакция) анықтайтын әдістерінің сипаттамасы берілген. «Сыртқы белгілер» бөлімінде диагностикалық белгілері (қабық, шөп, жапырақ және т.б.) сипатталады, мұнда өлшемдері, түсі, дәмі және сулы оқшауының дәмі көрсетілуі тиіс. «Микроскопия» бөлімінде міндетті шарттар ретінде ұсақталған шикізат немесе ұнтақтың диагностикалық белгілерінің сипаттамасы беріледі. Құжатқа шикізаттың нағыздығын дәлелдейтін, арнайы белгілерді дәлелдеуге мүмкіндік беретін көрнекілік ретінде микропрепараттардың суреттері енгізіледі. Негіздігін анықтауда маңызды сапалық, гистохимиялық реакциялар берілетін «Сапалық реакциялар» бөлімі келтіріледі, бірақ сапалық химиялық реакциялар шикізаттың тазалығын нақты дәлелдей алмайды, ол тек шикізатта ББЗ белгілі тобының немесе қатарының, жиі шикізаттың осы түріне сәйкес емес ББЗ тобының барлығын көрсетеді. Тек стандартты үлгілерді қолдана отырып хроматографиялық талдау әдісі ғана шикізаттың таза екендігін жоғары сенімділікпен айтуға мүмкіндік береді. Дәрілік өсімдік шикізатына ғана тән «Сан көрсеткіштері» бөлімі, онда арнайы сапа көрсеткіштері беріледі: ұсақталғыштық, ылғалдылық, жалпы күл, 10% хлорлысутекте ерімейтін күл, сондай-ақ органикалық, минералды және басқа да қоспалар. Маңызды бөлімдердің бірі - «Сандық талдау», мұнда талдау әдістемесі толық сипатталады және осы шикізатта кездесетін биологиялық активті затқа есептегенде әсер етуші заттың құрам мөлшері анық нормаланады. Егер шикізаттан субстанция ретінде қолданылатын жеке зат бөлініп алынса, онда шикізатта осы заттың мөлшері есептеледі.
|