Қозғалмалы ойын: 1. «Қарлығаш» балалар бөлменің ортасында саптізбекте тұрады.Нұсқаушы ысқыруықпен белгі бергенде олар жан-жаққа жүгіріп ұшады.
2.Аз қозғалмалы ойын: «Кішкентай және үлкен аяқтар»
Балалар гимнастикалық орындықта отырады. Нұсқаушы оларға қарама-қарсы отырып, балаларға аяқтарын көрсетуді сұрайды. Балалар аяқтарын алға созып, көтереді. Нұсқаушы көңілді түрде былай дейді: «Кішкентай аяқтар жолмен жүгіріп кетті. Қараңдар олардың қалай жүгіргенін». Осыны айтады да аяғымен бірнеше рет тез-тез жер тепкілеп: «топ,топ,топ!» - дейді. Балаларда соны істейді. Одан кейін нұсқаушы қимылын баяулатып былай дейді: «Үлкен аяқтар жолда топ-топ жүріп бара жатыр».
Нұсқаушы алдымен кішкентай аяқтар, одан кейін үлкен аяқтар жөніндегі тексті осылайша бірнеше рет айтады. Балалар оның артынан тез және баяу қимылдарды алмастыра қайталайды.
- Балалар нұсқаушының түсіндіруі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.
1.Жерде жатқан құрсаудан құрсауға секріп, гимн-қ сатыға жүгіріп барып шығады.