Орындағандар:Әбдірайым Жібек Қабылдаған: Таубекова Мақпал



бет4/7
Дата10.02.2023
өлшемі1,29 Mb.
#168241
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ПААТФИИЗ

Тіндік гипоксия

  • Тіндік гипоксия
  • Ағзалар мен тіндердің оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілуіне қарамастан, тотығу-тотықсыздану реакциялары бұзылыстары нәтижесінде оттегі тіндермен пайдаланылмай қалады. Тіндік гипоксияның себептері:
  • тыныстық ферменттердің азаюы немесе әсерсізденуі;
  • тотығу реакциялары мен фосфорлану реакцияларының бір-біріне ұласпауы.
  • Тіндік гипоксияның классикалық мысалына цианидтермен уланау жатады. Цианидтер тыныс тізбектерінің соңғы ферменті цитохромоксидазаны инактивациялайды, оттегі тіндерге қалыпты жетікізілген жағдайда да жасушалар оны жою қабілетін жоғалтады. Тыныс ферменттері синтезінің бұзылыстары кейбір авитаминозда кездеседі. Мысалы, В дәруменінің (тиаминнің) тапшылығы бери-бери ауруының дамуына әкеледі. Бұл ауру негізгі тамақ ретінде құрамында тиамин мүлдем болмайтын күрішті қолданатын Оңтүстік-Шығыс Азия кездеседі. Тиамин жетіспеушілігінде тиаминпирофосфат коэнзим ретінде глюкозаның тікелей тотығуына қатысатындықтан оттегінің жойылуы бұзылады.

Жүктемелік гипоксия

  • Жүктемелік гипоксия
  • Жүктемелік гипоксия қандай да болмасын ағзаның немесе тіннің өте жоғары қарқынды қызметінде туындайды. Мұндай ағзалардың немесе тіндердің оттегіге қажеттілігінің күрт жоғарылауы тасымалдау жүйесі мен оттегіні жою жүйесінің барлығы мүмкін болатын қызметтік қорларын толық жұмылдырғанда да толығымен қамтатамасыз етілмейді. Гипоксияның бұл түрі мысалы, өте ауыр физикалық жүктемеде қаңқа бұлшықетінде дамып, шаршаудың негізгі іске қосатын механизмі болуы мүмкін. Жүктемелік гипоксия эпилепсиялық белсенді ошаққа кіретін нейрондар кешенінде түзіледі. Эпилепсияда мидың жергілікті қанағымы эпибелсенді аймақта 4-6 есеге жоғарылауы мүмкін екені белгілі, бірақ осындай жоғарылаған қанағымы да қарқынды жұмыс істеп жатқан нейрондардың оттегіге қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Эпибелсенді ошақтағы нейрондардың өлуі ишемиядағы оттегімен қамтамасыз етудің тапшылығы кезіндегідей механизммен өтеді.
  • Субстраттық гипоксия
  • Субстраттық гипоксия мида тотығатын зат - глюкоза жетіспеуінен дамиды. Бұл кезде оттегі жеткілікті болуына қарамастан, от тотығатын зат болмауынан, жүйке жасушаларымен пайдаланылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет