Орындаған:Өксікбайй Б. Е. Тексерген: Рамазанова С. М. Алматы 2022ж Жаңа формациядағы ұстаз келбеті Жоспар



Дата30.04.2022
өлшемі66,54 Kb.
#141517
Байланысты:
14 апта СӨЖ ПМК
1410319253392 (1), 1410319253392 (1), Workbooк, Емтихан сұрақтары-ЕДТ

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті: « Философия және саясаттану»
Кафедрасы: « Педагогика және білім беру менеджменті»

СӨЖ
Тақырыбы: «Жаңа формациядағы ұстаз келбеті»

Орындаған:Өксікбайй Б. Е. Тексерген: Рамазанова С. М.


Алматы 2022ж

Жаңа формациядағы ұстаз келбеті

Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Жаңа формация мұғалімі

  2. Жаңа формация мұғалімінің мақсаты

  3. Жаңашыл ұстаз келбеті

Ш. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер мен сайттар
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тұжырымдаса, ҚР 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп атап көрсетілген. Қай уақытта болмасын білім жүйесі және оның дамуы мемлекеттік бағдарламалардың маңызды бөлігін құрайды.
Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл-ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды , ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, мұғалімге өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің көшбасшысы бола алады.
Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н. Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарынан қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.
Жаңа формациядағы жаңашыл ұстаз:

  • ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, өзін-өзін көрсетуге ұмтылысы, пәннің әдіснамалық негіздерін, әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары деңгейдегі білімді ұстаз.

  • ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық процестегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда арттақалушылықты реттеуі керек;

  • білімге ерекше қабілеті бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру қажет;

  • оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, көп мәдениетті, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі тиіс;

Ал жаңа формация мұғалімі дегеніміз кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам.

Қорытынды:
Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Алайда, талантты, шебер жаңа формация ұстазы болудың алғы шарты шебер мұғалімдердің жұмыстағы озат тәжірибесінен, педагогикалық еңбектің технологиясын зерттеп үйренуден басталады. Осындай жағдайда ғана білім алушылардың тұлғалық болмысы қалыптасып, егеменді еліміздің ертеңіне лайықты ұл мен қызы болатын жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардың көбейтетініне кәміл сенімдіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер мен сайттар:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы.
Т. И. Ильина. Педагогика. Алматы.
Ерденова Б. Жаңа формация мұғалімі және болашақ мұғалім.
https://infourok.ru/zhaa-formaciyadai-staz-kelbeti-581134.html
https://bilimdinews.kz/?p=138125

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет