Орындалатын жұмыс мазмұны


БҮЛДІРШІН ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ МОНИТОРИНГІ



бет5/7
Дата06.02.2022
өлшемі24,5 Kb.
#81881
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
28.09.20ж БМ.Тапсырма

2.БҮЛДІРШІН ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ МОНИТОРИНГІ
Баланың дамуын бағалау оның емдеуге болатын проблемаларын ерте анықтауға мүмкіндік бере отырып, физикалық дамуын, ақыл-ой және әлеуметтік дамуын бағалайтын неғұрлым маңызды аспектілердің бірі болып табылады. «Физикалық даму» түсінігімен антропометриялық көрсеткіштер туралы түсінікті байланыстыру дұрыс деп саналады, ол баланың өсуі мен дамуының, тұтастай алғанда, оның денсаулығының жай-күйін бағалауда психологиялық даму көрсеткіштерімен бірге пайдаланылатын негізгі көрсеткіштер болып табылады.
Көрсеткіштердің бір ғана жалғыз өлшемі баланың осы белгілі бір уақыттағы жай-күйін көрсетеді. Баланың дамуын бағалау және оған мониторинг жүргізу үшін белгілі бір уақыт аралығында мыналарды:
◊ денесінің салмағы мен оның салмақ қосу жылдамдығын;
◊ бойының өсуін және өсу жылдамдығын;
◊ бас шеңбері және бас шеңберінің өсу жылдамдығын
◊ психомоторлық және ақыл-ой дамуын өлшеу қажет.

1-кесте – Балалардың физикалық және психологиялық-әлеуметтік дамуын өлшеу жиілігі және мерзімдері

Жиілігі

Мерзімдері

бірінші өлшеу

туған кезде

екінші өлшеу

1 ай

1 жасқа дейін

ай сайын

1 жастан 2 жасқа дейін

әрбір 3 ай сайын

2 жастан 3 жасқа дейін

әрбір 6 ай сайын

кейінгі жылдары

жыл сайын

Емшек сүтінің жеткілікті екенін анықтау қажет болған, сондай-ақ баланың дамуында ауытқушылықтар болған жағдайда баланың салмағын неғұрлым жиірек өлшеу қажет болып табылады.
Осылайша ерте анықтау бізге баланың өсуіндегі бұзушылықты ерте түзетуге мүмкіндік береді. Баланың өсуіне монитоирнг жүргізу саламатты балалық шақты қамтамасыз етуге жағымды барынша ықпалын тигізетін медициналық іс-шара болып табылады.

2.1. ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ӨЛШЕУ РӘСІМДЕРІ


Физикалық даму — бала денесінің физикалық параметрлерінің өсуі, ол дене салмағынан (салмақты құраушы), денесінің немесе бойының ұзындығынан және бас шеңберінен (сызықты құраушы) тұрады. Физикалық дамуды бағалауда осы құрамдас бөліктерді дәл өлшеудің маңызы зор. Дәл және дұрыс өлшеу үшін әдістемені біріздендіру, оны өлшейтін құралдың (таразының) болуы және оны калибрлеу өте-мөте маңызды. Амбулаториялық-емхана жағдайларында және стационарларда антропометриялық көрсеткіштерді өлшеуге арналған жиынтық бой өлшеуіштен, өлшеуіш таспадан және балаларға арналған таразыдан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет