Жұмыстың мақсаты:Топырақтың шаруашылықтағы рөлін, маңызын арттыру.
Жұмыстың міндеті: 1.Адамзаттың топырақты тиімді пайдалана білуін әдебиеттермен талдау жасау.
2. Адамзат қоғамының басқа да тіршілік салалары үшін топырақтың маңызын білу.
3.Топырақ мелиорациясы мен тиімді пайдалану мәселелерімен танысу.
Зерттеу әдісі: әдебиетті талдау; салыстыру, жалпылау, бақылау.
І. Топырақтын табиғаттағы орны мен маңызы. Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше кабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді.
Топырақ кеңістікте орналасуына, пайда болуына, дамуына байланысты әлемдегі күрделі табиғи жүйелері- биоцеоноздың, экологиялық жүйенің, биосфераның құрамды бөлігі.Топырақтың табиғаттағы атқаратын қызметі сан қырлы.
Бірінші және ең бастысы- топырақтың жер бетіндегі тіршілік қорегінің негізгі өзегі болуы. Топырақтан әуел баста өсімдіктер, су және қоректік заттар сіңіріп өнім құрайды, ал олардан жануарлар және адамзат қоректік заттарды алып пайдаланады. Топырақта тіршілікке биофильді элементтер шоғырланады, өсімдіктердің тамырлады жайылады, онда көптеген жәндік түрлері және орасан көп микроағзалар қоңыстанған. Топырақсыз табиғаттың тірі ағзалар кешенінің тірлігі жоқ. Сонымен бірге, топырақ өзі тіршілік салдарынан пайда болып келеді. Сөйтіп, биосфералық процестердің биологиялық процестердің бірлігін дәлелдейді.
Екінші, топырақтың атқаратын басты қызметі – табиғаттағы үлкен геологиялық және кіші биологиялық зат айналымының өзара қарым-қатынасының тұруына әсер етеді.Сонымен бірге топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы - биосфераның негізгі компоненті. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен коректік элементтер алынады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нәтижесі - қоректік элементтердің топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды, құрғақ жер мен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нәтижесінде борпылдақ үгілу қабаты құралып; топырақтын түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді.
Топырақтын тағы бір функциясы - ол ауа және су сферасының химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер тотыққан көмірді сіңіреді де көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді.
Топырақтың үшінші қызметі- атмосфера мен гидросфераның химиялық құрамын реттеуші болуы. Топырақтың тыныстануы өсімдіктер фотосинтезіне және тірі ағзалардың тыныстануына, атмосфераның жерге жақын қабатының химиялық құрамының біркелкі болуына үлкен әсер етеді.
Топырақтың төртінші қызметі – биосфералық процестерді реттеуші болуы. Соның ішінде халықтың жер бетіндегі тығыздығына әсер етуі. Сондықтан құрлық бетіндегі тірі ағзалардың тығыздығы, азды–көпшілігі климат жағдайына және топырақ жамылғысының географиялық өзгеруіне байланысты болып келеді.
Топырақтың бесінші қызметі– органикалық пәрменді заттарды және олармен байланысқан химиялық энергияны жердің беткі қабатына шоғырландырып жинауы.
Құрамында 4-6% қарашірінді бар, яғни әр гектарға шаққанда 200-400т қарашірінші бар топырақта, 20-30 т антрацит көмір бойында бар энергия жиналған.
Қорыта келгенде, топырақ өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында жер шарының ағзалар дүниесінде өте үлкен маңызын атқаратының көруге болады. Табиғаттың туындысы және оның бір бөлігі бола отырып, топырақ жер әлемінің табиғатының дамуының негізгі ортасы болып табылады. Сонымен бірге жердің атмосфера, биосфера, гидросфера және литосфера қабаттарымен үздіксіз зат және энергия алмасу процестеріне қатынасып, олардың өзара қарым– қатынасының үйлесімділігіне әсер етіп, жер планетасындағы тіршілікті сан қилы түрлерінің сақталуына жағдай туғызады.