2.3 ШҚО топырағының географиясы және егіншілік
Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады.
Шығыс Қазақстан облысының жер бедерінің құрылысы өте күрделі. Таулары мен жоталары өте көп. Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай.
Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.
Облыстың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ жамылғысы оңтүстіктің қара топырағынан шөлді-далалық топырақтарға ауысады. Ертістің Қызғылт қоңыр топырағы Шыңғыстау жотасының етегінде бозғылт қоңыр топыраққа ауысады. Бұл топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктермен аралас жусан да көп өседі. Қалба мен Шыңғыстау жоталарының гранитті қыраттарында кішігірім қарағайлы және қайыңды-теректі ормандар кездеседі. Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларында шөлдің сұр, сұрғылт және далалық топырағы (сұр топырақ) тараған. Зайсан қазаншұңқырында бұл топырақ арасында аздап сор және сортаң топырақ кездеседі. Ал Алакөл қазаншұңқырында олар әдетте сортаңданған. Зайсан қазаншұңқырында бозғылт қоңыр топырақ пен құмды алқаптар тараған. Қазаншұңқырлардағы өзен жайылмаларында шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Зайсан қазаншұңқырында өсімдіктерден шашақты селеу, жусан, ал шағын өзен аңғарларында далалық шалғындар, Зайсан көлі мен Ертіс өзенінің жағаларында қамыс-құрақ көптеп кездеседі. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарының топырақ және өсімдік жамылғыларында биіктік белдемдер айқын байқалады. Кенді Алтайдың төменгі биіктіктеріндегі далаларда ауыр саздақ және саздақ қара топырақ тараған. Олардан жоғары сұр топырақ пен күлгінденген қара топырақ, ал одан биікте таулық сұр күлгін топырақ тараған. Келесі белдеуде таулық шалғынды топыраққа, одан кейін таулық тундраға ауысады. Оңтүстік Алтай мен Сауыр таулары жоталарының төменгі бөліктерінде (тиісінше 600 – 800 м-ге және 1200 – 1300 м-ге дейін) түпкі жыныстардың және саздақ шөгінділердің үстінде таулық күрең топырақ тараған. Олардан жоғары қаратопырақ белдеуі, тау беткейінде таулық қарашіріндісі аз және шымтезекті топырақ, тауаралық қазаншұңқырларда таулық қошқыл қаратопырақ қалыптасқан. Ең биік жерлерде таулық тундра топырағы орын алған. Тарбағатайда қызғылт қоңыр және қаратопырақпен бірге шөптесін өсімдікті таулық шалғынды және орманды телімдерде орманның сұр топырағы тараған.
Шығыс Қазақстан облысында 1997 жылға дейін ауыл шаруашылығымен әр түрлі саладағы:
55 ұжымшар
199 кеңшар
57 мемлекеттік
ауыл шаруашылық кәсіпорындар айналысты. Таратылған ұжымшарлар мен кеңшарлар негізінде облыста жаңадан әр нысандағы шаруашылықтар құрылып, олардың саны 15,5 мыңға жетті. Оның ішінде 15,1 мыңы – шаруа қожалықтары. Облыс бойынша 10,48 млн га ауыл шаруашылық жер бар:
1419,6 мың га егістік
736,1 мың га шабындық
8247,9 мың га жайылым
2005 ж. облыста егіс аумағы 1018,5 мың га-ға жетті, оның 65,4%-ы Бородулиха, Үржар, Шемонаиха, Глубокое және Көкпекті аудандарында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының өсімдік шаруашылық дәнді-бұршақ дақылдарын, картоп, көкөніс, күнбағыс, мал азықтық дақылдар өсіруге маманданған. 2005 ж. шаруашылықтың барлық санаты бойынша (жетті):
дәнді бұршақ дақылдар егісі 586,4 мың га-ға
картоп 25,7 мың га-ға
көкөніс 9,7 мың га-ға
малазықтық дақылдар 128,3 мың га-ға
күнбағыс егісі 264,6 мың га-ға - бұл бүкіл Қазақстандағы күнбағыс егісінің 58,2%-на тең.
Топырақты өңдеу, мелиорация, тыңайтқыш қосу және т.б. шаралар географиялық жағдайларды ескеріп жоспарлануы және жүзеге асырылуы керек. Бұл ғылыми-зерттеу тыңайтқыштар институты деректері бойынша берілген тыңайтқышты түрлі топыраққа қосу тиімділігі туралы кестеде жақсы көрсетілген.
Табиғи аймақтар
|
Топырақтар
|
Тыңайтқыш әсері
|
Орманды
|
Күлді және шым-күл топырақты жерлер
|
Жоғары. әк (известь)
|
Орманды-далалық
|
Сұр орманды, күларалас, негіз аралас қара топырақ
|
Жоғары. Фосфорит қосылған аймақ
|
Далалық
|
Типтес, кәдімгі, оңтүстік
|
Орташа. Көбіне топырақ
|
|
және шабындық – қара топырақты жерлер
|
тұрақсыз және жеткіліксіз ылғалданады
|
Құрғақ
|
Каштан
|
Әлсіз. Қуаңшылық жағдай
|
Шөл дала
|
Сұр топырақтар
|
Күшті. Суармалы егіншілік
|
Егіншілік дұрыс ұйымдастыру үшін топырақта ғана емес, топырақты түзуге қатысатын табиғат жағдайларын да жан-жақты зерттеу керек. Сондықтан топырақ географиялық және жер қыртысы карта географиялық жұмыстар маңызға ие болып келеді.
Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88 процентін егістік жерлерден, 10 процентін ормандар мен жайылымдардан, 2 процентін теңіз бен мұхит суларынан алады.
Жалпы жер көлемі 51 миллиард гектар немесе 510,2 миллион км2. Оның 2/3 бөлегі (36,1 млрд. га) теңіздер мен мүхиттар, 1/3 бөлегі (14,9 млрд. га) құрлық.
Құрлықтың:
6,1 млрд. га (41%) - Антарктида мен Африка мұздары, құмдар, таулар, құрлыктағы өзендер мен көлдер, қалалар және кәсіпорындар тұрған жерлер.
8,8 млрд. гектары (59%) - ауыл шаруашылығына пайдалануға болатын жерлер, олардың ішінде:
4,0 млрд. гектары (21%) - ормандар мен батпақтар;
2,83 млрд. гектары (19%) - көбіне құрғақ дала мен шөлейт жерлердегі жайылымдар мен шабындықтар.
1,93 млрд. гектары (13%) - егістік алқаптар, ауылды жердегі елді-мекендер, сай - салалар, жолдар, қолдан отырғызылған ағаштар оның ішінде егін егуге болатыны 1,5 млрд. гек-тар немесе барлық құрлықтың тек 10 пайызы ғана.
ФАО-ның Б¥¥ азық - түлік қоры мәліметтеріне қарағанда дүние жүзіндегі жерлердің 20 пайызы ауасы өте салқын, 20 пайызы ауасы өте құрғак, 20 пайызы тау мен тастарда, 10 пайызы құнарсыз, топырак қабаты тым жұқа аймақтарда орналасып, 20 пайызы шабындықтар мен жайылымдар болып, егін салуға баяғы 10 пайызы ғана қолайлы екен.
Жер бетіндегі халықтың саны 5 миллиардтан 1986 жылы асқанын ескерсек әрбір адамға 0,3 гектардан егін егуге жарайтын жер келеді.
Егістік жер көлемін тағы 1- 1,2 млрд. гектарға көбейтуге болар еді. Бірақ қалған жерлердің қүнарлылығы төмен, сор және сортанды, шөлейт, таулы - тасты, құмды не сазды жерлер. Мұндай жерден өнім алу үшін көп шығын шығару керек.
Әрине, азық-түлік қорын көбейту үшін жаңа жерлерді жыртып, егістік көлемін ұлғайту орынды. Бірақ биосферада қалыптасқан теңдестікті сақтауды да ұмытпаған дұрыс. Ормандарды кесіп егістік жер алсақ, олар беретін оттек мөлшері азайып кететіні де шындық.
Жаңа қалалар, құрылыстар, су қоймаларын, жолдар салуға жыл сайын 5-7 миллион гектар егістік жерлер кетеді, сөйтіп 20-25 миллион адамды асырайтын егін алқабы кеміп жатады.
Оның үстіне шаруашылық жүргізуде жіберілген қателіктерге байланысты миллиондаған гектар жерлер істен шығып, өнім бермейтін болуда.
Адамдар өмір сүргелі 1,5-1,9 млрд. гектар жер құмға, батпаққа, жыра мен сайға, бұта басқан алқапқа айналды. Сахара сияқты тіршілік жоқ құмдар табиғаттың ғана ісі емес, адамдардың ісі.
XX ғасырдың аяғына дейін егістік жер көлемі тағы 300 миллион гектарға өсуі мүмкін. Бірақ ол кезде халық саны 6 миллиардтан асатынын ескерсек, бір адамға есептегенде егістік жер көлемі 0,3 емес, тек 0,2 гектардан ғана келеді екен.
Құрғақшылық жиі болып тұратын Шығыс және Орталық облыстардағы егін шаруашылығы өнімі аз, тұрақсыз және «тәуекелге сүйенген» шаруа.
2.4 Топырақ мелиорациясы мен тиімді пайдалану проблемалары
Топырақ құнарлылығы заттектердің биологиялық айналымы арқасында демеліп тұрады. Адам құнарлылықты жасанды жолмен демеуді үйренді: ол топырақты тыңайтқыштармен байыта алады, оған қажетті ылғал береді, одан артық тұздарды шаяды. Алайда топырақты жасай алмайды. Бұл орасан жұмысты табиғат қана атқара алады. Сондықтан топырақты қорғаудың басты міндеті толассыз игеру барысында оның құнарлылығын белгілі бір деңгейде ұстап тұру болып табылады.
Топырақты қорғаудың тағы бір аспекті – пайдалану мақсатына (ауыл шаруашылық, орман, рекреациялық жайлар, өнеркәсіптік және қалалық құрылысқа бөлінетін жерлер т.с.с.) сәйкес жерлерді ұтымды пайдалану. Ең маңызды мәселе, әлбетте, ауыл шаруашылығы өндірісіне жарамды жерлерді ұтымды пайдалану.
Бұл проблема топырақты көптеген ғасырлар бойы жүйесіз пайдалану, ормандарды кесу, шөптесін өсімдіктерді малдың жегізу салдарынан топырақ эрозиясына – оның бұзылуы мен құнарлылығының азаюына алып келуі себепті шиеленісе түсті. Топырақ эрозиясы әдетте антропогендік сипатқа ие және су және жел эрозиясы болып екіге бөлінеді.
Су эрозиясы интенсивті жыртылатын беткейлерде дамиды және жазықтық шайылу немесе жыралы-сайлы тордың болуынан көрінеді. Жыралар жағдайында грунт сулары деңгейінің төмендейді, өсімдіктер өзгереді және егістікті машинамен өңдеу қиындайды. Нөсер жауын және еріген суларымен топырақтан жыралар арқылы гумус бөлшектерімен бірге миллиондаған тонна қоректік заттектер шығып кетеді. Бұл топырақ жамылғысын кедейлендіреді және аздырады.
Жел эрозиясы негізінен құрғақшылықты оңтүстік аудандарға тән және орман жолақтарымен жеткіліксіз қорғалған ауқымды территорияларды жыртудан, немесе өсімдік жамылғысы сирек келетін шөлейт және шөл зоналарында малды жүйесіз жаюдан болады. Әдетте ерте көктемде, өсімдіктердің топырақты бекітуі әлсіз болып тұрған кезде соғатын күшті аңызақ желдер топырақ жамылғысының ұсақ бөлшектерін ауаға көтеріп, едәуір қашықтыққа апарады. Нәтижесінде үлкен аумақтардың топырағы зақымданып, өсімдіктері өледі.
"Мелиорация" деген сөз түбірі латын тілінен алынған, жақсарту деген сөз. Көпшілік жағдайда жерді, топырақты жақсарту мағынасында қолданылады.
Мәселен, ауа райын, жер бедерін т.б. әр аймақтардың табиғи орналасу жағдайларына байланысты топырақты мелиорациялау (жақсарту) түрлері әрқалай. Мысалы ТМД елдерінің батыс бөлігіндегі және Балтық бойы мемлекеттерінде ауадан түсетін ылғал мол да, күн сәулесінің жылуы жеткіліксіз. Яғни сулану басым, ал булану азырақ. Соған байланысты бұл өңірлерде батпақты топырақ молырақ орын алады. Ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін бұларды қолдан құрғату мелиорацияларын қолдану қажет.
Ал ТМД елдерінің оңтүстік шығыстағы орналасқан мемлекеттерінде керісінше ауадан түсетін ылғалдар тапшы, булану өте көп. Орта Азия, Кавказдың арғы беті, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында негізінен құрғақ дала, шөл-дала және шөл зоналары орын алады. Бұл өңірлерде топырақты ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін оларды қолдан суарады.
Оңтүстік Қазақстанның құрғақ, күні ыстық аудандарында егіншілікпен шұғылдану үшін егістіктерді қолдан суармайынша болмайды. Сондықтан бұл аймақта егіншілікпен айналысу ата заманнан бері сумен байланысты. Дегенмен белгілі қазан төңкерісіне дейін бұл өлкеде суармалы егіншілік онша дамымады. Себебі жерді көп көлемде суару - оңай іс емес. Ол үшін күрделі ирригациялық-инженерлік құрылыстар салу қажет болды. Ал ол кездегі жеке меншік, бытыраңқы шаруашылықта не техника, не кадр, не қаржы болмады. Сондықтан ол кездегі егістіктер тек қолдан қазылған шағын арықтар арқылы ғана суарылды.
Мемлекет тарапынан суармалы егіншілікті дамытып, өрістетуге ешқандай көмек болмады. Патшалық Ресей мен оның жергілікті шабармандары бұл мәселеге ешқандай көңіл бөлмей, қаржы босатпады. Мысалы, 1909 жылы қазак пен өзбек жерінде орналасқан Мырзашөл алқабын суару үшін оның топырағын жан-жақты, түбегейлі зерттеу керек екендігін дәлелдеп, Түркістан өлкесінің бастығынан қаржы сұраған ғалым, топырақтанушы-агроном М.М.Бушуевтің хатына Түркістан губернаторы – «Топырактану ғылымы әлі өз аяғына жөнді тұрған ғылым емес» деген бұрыштама қойыпты. 1912-1913 жылдары қырғыз, қазақ жерімен ағатын суы мол Шу өзснінің бойын инженер В.А.Васильев толық зерттеп, осы өзеннің суы арқылы суарылатын Шу бойының жерлерінің жобасын жасайды да, оны егіншілік министрлігіне бекітуге апарады. Министрліктің жерді жаксарту бөлімінің бастығы князь Р.И.Мосальский бұл жобаға: ''Архивке. Әлде бір қырғыздар қоныстанған, Шу бойын суару жобасы кімге қажет" деп қол қойыпты. Міне, осындай көзқарастан патшалық Ресейдің өзіне қарайтын шет аймақтарға қаншалық «қамкорлық» жасағаны көрініп-ақ тұр.
Қазан төңкерісінен кейін жағдай өзгерді. Жерді суару, құрғақшылықпен күресу және шөл аймақтарда суарылған кезде ғана өсетін мақта егісінің көлемін, өнімін арттырып, шет елдерден мақта шикізатын тасуды тоқтату міндетін алға қойды.
1918 жылы 17 мамырда Лениннің қолы қойылған "Түркістандағы суландыру жұмыстарына 50 млн сом қаржы бөлу жөнінде бұл жұмыстарды ұйымдастыру туралы" деген декретте былай делінген: 1. Орыс тоқыма өнеркәсібін мақтамен қамтамасыз етуді арттыру жөніндегі жұмыстардың жоспары бекітілсін, бұл жоспар мынадай: а) Самарқан облысының Ходжент уезіндегі Бетпақ даланың 500 мың десятина жерін суландыру, бетпақ далаға қарама-карсы Сырдария өзенінің арғы жағасында Далверзин даласының 40 мың десятина жерін қамтитын ирригациялық жүйенің басты құрылыстарын қамтамасыз ету; б) Ферғана облысының Үшқорған даласының 10 мың десятина жерін суландыру; в) Заравшан өзенінің арнасын реттеу жолымен мақта дақылына арнап 100 мың десятина жерді босату үшін Заравшан өзеніндегі Лупилин көпірі алдынан су қоймасын салу; г) Шу өзені алқабында 94 мың десятина жерді суландыру үшін салынатын ирригациялық жүйелердің құрылысын аяқтау (Ленин В.И., 1918)
Бұл иригациялық кең бағдарламаны жүзеге асыру үшін Түркістанда (Ташкентте) арнайы ирригациялық жұмыстар басқармасы құрылып, оған жоғарыда көрсетілген 50 млн сом қаржы бөлінді.
Бұл құжат түрікмен, өзбек, тәжік, қырғыз және казақ халықтарының ғасырлар бойғы арманын іске асыру үшін жер суландыру құрылыстарын кеңінен өрістетуге, суарылатын жерлер көлемін молайтуға шешуші әсерін тигізді. Энтузиаст агроном Бушуев пен инженер-ирригатор Васильевтің көздеген ойлары дұрыс шешімін тапты. Ленин бұл декретке қол қойып, ақша бөлумен қатар, осы декреттің жүзеге асуы үшін нақты шаралар қолданды. Ирригация жұмыстары Лениннің инициативасымен қолға алынып, бекітілген белгілі ГОЭЛРО жоспарынан да тыс қалған жоқ. Бұл жоспар бойынша ауыл шаруашылығының электрлендірумен, механикаландырулармен қатар жерді мелиорациялау, яғни жерді суару мен құрғату кең түрде жоспарланған еді.
Бұдан кейінгі жылдары да жерді суарудың ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызына үнемі үлкен назар аударылып отырды. 1921 жылдың көктемінде Әзірбайжан, Грузия, Армения, Дағыстан және тау халықтары республикаларының енбекшілеріне жазған хатында Ленин: "Егіншілік пен мал шаруашылығын қалай болғанда да игеру үшін жерді суару ерекше маңызды... Суару бәрінен де гөрі керек және бәрінен гөрі өлкені қайта құрады, оны жандандырады, ескіні келмеске жібереді, жаңа өмірге өтуді нығайтады" деп ирригация мәселесіне ерекше көңіл бөлген.
Ал Шу өзені бойында игерілген жер көлемі жоғарыдағы декретте көрсетілген көлемнен бірнеше есе асып, қазір қырғыз, қазақ республикаларындағы осы өзен суымен суарылатын егістік 500 мың гектарға жетті (негізінен қант қызылшасы егіледі). Таяу болашақта суармалы жер көлемі қазіргіден әлдеқайда артады.
Күн сайын өсіп келе жатқан халқымыздын әл-ауқатын жақсарту, күнделікті талғам-талабын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін де, көлемін де арттыра түсу керек. Суармалы жерлердегі егістіктер - ауыл шаруашылығымызды өркендетудің негізгі бір қайнар бұлағы, байлық көзі. Сондықтан бұл саланы өркендету әрдайым назарда болғаны жөн. Әсіресе бұл мәселемен мемлекетіміз соңғы жылдары қатты шұғылданып келеді. Таяу жылдары еліміздің суармалы жер көлемі үдемелеп артып келешекте суармалы егіншілік дамымақ. Себебі республикамыздың табиғи жағдайда ылғалмен қамтамасыз етілген, жыртуға жарамды жерлері түгелімен егістікке игерілген, ал қалған егістікке жарамды жерлерді игеру үшін оларды міндетті түрде қолдан суару қажет.
Қазақстанның суармалы жер көлемі казір 1,0 млн гектардай. Олар негізінен оңтүстіктегі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Болашақта осы облыстардағы мол сулы өзендср - Іле, Шу, Сырдария және басқа майда өзендердің суларын тиімді пайдалану арқылы Оңтүстік Қазақстандағы суармалы жер көлемін 2-2,2 млн гектарға жеткізуге болады. Біраз жерлерді республикамыздың батысындағы Жайық өзені, ал республикамыздың шығысы мен терістігіндс Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері арқылы суғарылмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |