Орыс философиясы



бет17/29
Дата19.03.2022
өлшемі160,77 Kb.
#136116
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

Діни философиялық көзқарастары үшін Л.Н.Толстойдың Шіркеу 1901 жылы анафемаға (қарғысқа) ұшыратып, Шіркеуден алыстады. XIX ғасырдағы орыс философиясының революцияшыл-демократиялық бағытының өкілдері: Н.Г.Чернышевский Халықшылдар — Н.К.Михайловский, М.А.Бакунин, П.Л.Лавров, П.Н.Ткачев, Анархист П.Кротаткии, Марксист Г.В.Плеханов болды. Бұл кезеңдегі философияның жалпы сипаты - әлеуметтік-саяси бағыттылығында. Аталған өкілдердің барлығы сол кездегі қоғамдық саяси және экономикалық құрылысты терістеп, келешек туралы өз ойларын тұжырымдады. Н.Г.Чернышевский капитализм дағдарысына шығу жолын - "жерге оралу" (Ресей аграрлығы идеясы), жеке бас бостандығында және қауымдастық өмір салтта деп білді. Халықшылдар орыс халқының төлтумалылығына сүйене отырып, капитализмге соқпай, тікелей социализмге көшуді ұсынды. Олардың пікірінше, сол кезеңдегі құрылысты жойып, социализмге өтудегі әрекеттердің ішінде террор да бар. Ал анархистер халықшылдардан да ары өтіп, мемлекет — қысым жасау тетігі, жаманшылық көзі болғандықтан оны (мемлекетті) біржолата жою қажет деп санады. Марксистер Ресей келешегі - К.Маркс және Ф.Энгельс іліміне сәйкес: мемлекеттік меншік басым болатын - социалистік қоғамда деп білді. XIX ғасырдағы философиялық дәстүрді либералдық бағыт аяқтайды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет