С.Н.Булгаков (1871-1944) барлық христиандық шіркеулерді бір ғана христиандық "экумендік" Шіркеуге біріктіру туралы идеяны ұсынды. Жер бетіндегі қайғының себебі -бөліністе деп білді. Қоғамдық экономикалық, саяси, рухани салаларға және әрбір саланың өз ішіндегі жікке бөлінуінен. Діндегі христиандық шіркеулердің (православие, католицизм, протестантизм) болінуі. Ізгілікке жету жолы - адамзатты бір ғана, аса күшті, абсолютті Құдай мен христиандық Шіркеуге топтауда деп білді Булгаков. Булгаков адам тағдырының алдын-ала жазылатындығы және адам өлімінен кейін Кұдай алдында берілетін жауап туралы ойларды ақиқат деп санады. Діни бағыттың келесі өкілі - философ, священник П.А.Флоренский (1882 ж. туылған, қаза болған жылы белгісіз: 1937/1943). Флоренский пікірінше дүние - өзара байланыстар мен антиномиялардан құралған тұтастық (дүниенің қиындығы мен жүйесіздігі, Құдайдың жалғыздығы мен беріктігі, т.б. қайшылықтар). Флоренский келешекте ашылатын техникалык жаңалықтар көмегімен материя және рух арасындағы өзара байланыс, уақыт пен кеңістіктің тұрақсыздығы, салыстырмалылығы туралы жаңа түсінікке қол жеткізуге болатынына сенді. Флоренский ойларының дұрыстығы кванттық механика, Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы, т.б. физикалық-математикалық жаңалықтармен дәлелденуде.