Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» облыстық байқауының ережесі



Дата06.12.2016
өлшемі59,84 Kb.
#3327
Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің

«Тіл – халық жанын танудың кілті» облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Орыс қауымы арасындағы өзара түсіністік пен әріптестік туралы» меморандумына сәйкес мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне және Қазақстан Тәуелсіздігінің нышаны ретінде мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында 2013 жылғы 6 қарашада орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» облыстық байқауын (бұдан әрі - «Байқау») өткізеді.


Шарттары:

Байқауға 14-22 жас аралығындағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білетін ұлты орыс жастары қатыса алады.

Байқауға қатысушылар 1 және 2-кезеңдерде ресми стильде, 3-кезеңде орындайтын шығармашылық нөміріне сәйкес киінуі қажет.

Байқау қазақ тілінде, 3 кезең бойынша өтеді.



Бірінші кезең – жазбаша және ауызша бөліктен тұрады:

а) жазбаша бөлік: үй тапсырмасы. Ұсынылған екі тақырыптың біреуіне эссе жазу. Эссенің нәтижелері алдын ала шығарылады, байқауға қатысушылар эссенің электрондық және жазбаша нұсқасын 2013 жылғы 25 қазаннан кешіктірмей, Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасына жолдауы тиіс. Эссе А4 форматындағы парақта басылып, мәтіндік редакторы MS WORD, қарпі Times New Roman, 14-шрифте, аралық интервалы 1 түрінде ұсынылуы қажет. Эссенің көлемі 1,5-2 беттен аспауы керек.

Эссенің соңғы парағында мынадай ақпарат қамтылуы тиіс: қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұратын жері, оқу орнының атауы, мекенжайы мен байланыс телефоны, электрондық поштасы, қысқаша өмірбаяны.



ә) ауызша бөлік: белгіленген тақырыптар бойынша монолог құру, әділ қазылар алқасының ауызша сұрақтарына жауап беру. Бұл кезең билеттік жүйемен өтеді. Берілетін уақыт – 3 минут.

Екінші кезең – тыңдалым, қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 50 тест тапсырмасын орындайды. Тест тапсырмасын орындау уақыты – 40 минут.

Үшінші кезең шығармашалық тапсырма. Қазақтың халық немесе заманауи әнін орындау, заманауи театрландырылған интерпретациядағы қазақ тіліндегі көркем шығарма үзіндісінің қойылымы (пьеса, ертегі, т.б.), белгілі ақындардың өлеңдерінен мәнерлеп үзінді оқу. Тапсырманы орындау уақыты 3 минуттан аспауы тиіс.

Ескерту: Жоғары оқу орындарында, жалпы орта және арнайы орта білім беретін мекемелерде қазақ тілінде оқитын орыс жастары, қазақ тілі білгірлерінің өткен жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен қатар дарынды балаларға арналған арнайы оқу орындарында оқитындар байқауға қатыстырылмайды.

Байқаудың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Байқауға қатысуға тілек білдірушілер Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасына хабарласып, 2013 жылдың 25 қазанға дейін жазбаша өтінім беруі керек.

Мекенжайымыз: Көкшетау қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі №1«Б» үй, 3-қабат, 315-кабинет.

Байланыс телефондары: 40-14-20, 40-11-69 (факс)

Электронды почта: tilbaskarma@mail.ru

ПОЛОЖЕНИЕ

областного конкурса знатоков казахского языка среди русской молодежи «Язык – ключ к познанию души народа»
В соответствии с меморандумом «О взаимопонимании и сотрудничестве между Министерством культуры и информации Республики Казахстан и Русской общиной Казахстана», Управление по развитию языков Акмолинской области 6 ноября 2013 года в целях выявления и поощрения русской молодежи, владеющей на высоком уровне государственным казахским языком, формирования уважительного отношения к государственным символам Республики Казахстан и государственному языку как одному из символов Независимости Казахстана, повышения уровня языковой культуры и престижа употребления государственного языка проводит областной конкурс знатоков казахского языка среди русской молодежи «Язык – ключ к познанию души народа».

Условия конкурса:

К участию в конкурсе допускается русская молодежь в возрасте 14-22 лет, владеющая в совершенстве казахским, русским, английским языками. Конкурс проводится на казахском языке и состоит из трех этапов. На 1 и 2-туре конкурса участники конкурса должны быть в официальном стиле одежды, а в творческом туре костюм должен соответсвовать творческому номеру.



Первый этап – состоит из письменной и устной части:

а) письменная часть: домашнее задание. Написать эссе по одной из представленных двух тем. Результаты эссе подводятся предварительно, конкурсанты должны выслать электронную и печатную версию эссе не позднее 25 октября 2013 года в Управление по развитию языков Акмолинской области. Эссе должно быть представлено в печатном виде на листе формата А4, текстовый редактор MS Word, шрифт Times New Roman, размер шрифта 14, междустрочный интервал 1. Объем эссе: 1,5-2 страницы.

Последняя страница эссе должна содержать следующую информацию: фамилия, имя, отчество участника, дата рождения, место проживания, название учебного заведения, адрес и контактный телефон, электронная почта, краткая биография.



б) устная часть: монолог на заданную тему и устные ответы на вопросы жюри (билетная система, время для выполнения задания не более 3 мин.).

Второй этап – тест из 50 заданий на аудирование, знание лексики и грамматики казахского языка. Время для выполнения тестового задания - 40 мин.

Третий этап – творческое задание. Допускается исполнение казахской народной или современной песни, либо современная театрализованная интерпретация, постановка из отрывков художественной литературы (пьеса, сказки, др.), либо выразительное чтение стихов известных казахских поэтов. Время на выполнение задания не более 3 минут.

Примечание. К участию в конкурсе не допускается молодежь, обучающаяся на казахском языке в общеобразовательных и специализированных школах, высших учебных заведениях, победители и призеры предыдущих конкурсов на знание государственного языка, учащиеся учебных заведений для одаренных детей.

Победители конкурса награждаются ценными призами и дипломами Управления.



Желающие принять участие в конкурсе должны подать письменную заявку до 25 октября 2013 года в Управление по развитию языков Акмолинской области.

Наш адрес: город Кокшетау, улица К.Сатпаева 1 «Б», 3 этаж, 315 кабинет.

Телефон для справок: 40-14-20, 40-11-69 (факс)

Электронная почта: tilbaskarma@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет