Сабақтың тақырыбы: Ш.Смаханұлы «Тәкаппар»
Сабақтың мақсаты: мысалды мәнерлеп оқи отырып тақырыпты және
мысалдың негізгі идеясын ашу. Өздігінен жұмыс істеуін, ой-өрістерін дамытып, сөздік қорларын молайту. Өз ойларын жеткізе білуге, шығармашылық қаблеттерін ашуға жағдай жасау, жаман әдеттерден аулақ болуға, менмен, такаппар болмауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:мысалды мәнерлеп оқи отырып тақырыпты және
мысалдың негізгі идеясын аша отырып, өздігінен жұмыс істеуін, ой-өрістерін дамиды, сөздік қорларын молаяды. Өз ойларын жеткізе білуге жаман әдеттерден аулақ болуға, менмен, такаппар болмауға, адамгершілікке үйренеді.
Негізгі дереккөздер: слайд,флепчат,смайлиг,оқулық,микрофон
Пәнаралық байланыс: дүниетану
І Ынтымақтастық ахуал орнату «Мен қандаймын» тренингі
2.Топқа бөлу «Сандар» арқылы
3.Үй жұмысын қайталау «Ыстық микрофон» «Даңғой» мысалы
Белсенділікті арттыру.
Судың дауысын естіртемін (слайдтан көрсетіледі)
– Суда не тіршілік етеді?
– Ол сусыз тіршілік ете ала ма?
– Ал бақа ше? Дүниетанудан білетіндерің бойынша айтып беріңдерші.
Ол құрлықта да, суда да өмір сүре алады. Ол қосмекенді.
Қазір оқитын мысалымызда құрлық, мекен деген сөздер кездеседі. Яғни, құрлық дегеніміз – сусыз жер, ал мекен дегеніміз – тұратын жері, қонысы, өмір сүретін ортасы.
Балықтың түрлері. Топтастыру
ІV. Жаңа сабақ: Ал, бүгін біз сендермен мақтаншақ адам қандай болатынын жайлы «Тәкаппар» мысалынан оқып білеміз. Мысалды жазған белгілі сықақшы Шона Смаханұлы. 1924 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Мектеп баспасында, «Ара» журналында жұмыс істеген.Балаларға арнап көптеген кітаптар жазған. Балаларға арналған «Шимайбек пен Шыңқ етпе», «Тотияйын», «Қу түлкінің сыбағасы» өлеңдері бар.
(Слайдтан автор және оның өмірбаяны көрсетіледі)
3)Мысалды мәнерлеп оқу(слайдтан суреттерін көрсетіп отырып)
Дәптермен жұмыс Сөздікті жазу
4) Мысалды бөліктерге бөлу. Әр топқа тапсырма.Оқыған мысалдары бойынша флипчатка түсінгендерін түсіру.Топтан бір немесе екі оқушы шығып қорғайды.
5) Екі мысалды салыстыру
Е.Ерботин.
Даңғой
|
Ұқсастығы
|
Ш.Смаханұлы
Тәкаппар
|
|
|
|
6) Бағалау Смайлиг арқылы мадақтау.Мұғалім бағасы.
7) Кері байланыс: «Ыстық орындық» Сұрақтар арқылы
1) Мысалда не туралы айтылған?
2)Балық арқылы адамның бойындағы қандай жаман әдет сыналады?
3) Мысалдағы қорытынды ой не?
8) Үйге тапсырма: Мысалды оқу. Балық,су туралы жұмбақтар іздестіріп келу
Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебі
Шона Смаханұлы
Өткізген: Аубакирова А.А.
2015 ж
Достарыңызбен бөлісу: |