Тақырыбы
|
Шешендік сөздер
|
Мақсаты
|
Тақырыптың мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.оз ойларын қорытындылай білуге жағдай жасау. Тіл белсенділігін арттыру, оқу мен жазу мәдениетін дамыту
|
Күтілетін нәтиже
|
Тақырыпты түсіне отырып ойын жеткізе білу арқылы,тақырыпты дұрыс орындауға дағдыланады
|
7 модульдің қолданылуы
|
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Миға шабуыл,Жигсо2, Кластер, Эссе
|
Қолданылатын ресурстар
|
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
|
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
|
Оқушыларға үй тапсырмасын сұрау арқылы топқа бөлу
Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
Фигураларды қолдана отырып, оқушылар өз - өздерін бағалау үшін фигуралар таратып беру.
«Жақсы тілек » ойыны
арқылы психологиялық ахуалды жақсарту
Жалпы топқа қойылатын сұрақтар:
Қазақ халқының арасында аты шыққан қандай шешендерді білесіңдер?
Ортақ мұралар арқылы топқа бөліп, оны топпен жұмыс арқылы қорғайды.
|
Оқушылар топқа бөлініп, орталарынан топ басшылары сайланады.
Бағалау парағы арқылы әр оқушы берілген фигуралары арқылы өз - өздерін бағалайды, оны топ басшысы толықтырып отырады.
Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.
|
Сабақ кезеңдері
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Білім
Қызығушылық
тарын ояту
|
"Миға шабуыл" әдісі қолданып,
зымыран сұрақтар арқылы өткен тапсырмасын сұрау
|
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
Сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындату
|
Оқушылар топпен ақылдасып жеке - жеке сұраққа жауап береді
|
Түсіну
|
« Фазыл» әдісі бойынша әр топқа сұрақтар беріледі. Сол сұрақтар арқылы оқушылар суретті құрастырып, жаңа тақырыптың мағынасын ашады.
|
Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру мақсатында қобыз үнін естіту.
("Шешендік сөздерді" таспа үн арқылы оқушыларға тыңдатып, сергіту сәтін жүргізіп отыр)
Әр топтан бір - бір оқушыдан тұрғызып қандай сезім- күй кешкендерін "Қар үйіндісі" әдісі арқылы әр топтан қағазға жазып өз ойларын жинақтап береді.
Жақсы жауап берген оқушыларға бағалау фигураларын таратып белгілету
|
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санасады. Бірігіп топпен жұмыс жасайды.
|
Қолдану
|
"ЖИГСО2" әдісі
пайдаланып, "Шешендік сөздерге" байланысты мәтін таратылып беріледі. Әр топ өзара ақылдасып отырып, сол мәтіндермен жұмыс істейді. Топта талқылайды ортаға шығып, тапсырманы көрсету арқылы жаңа сабақтың мағынасын ашады.
|
Әр топқа дайындалып әкелген "Қорқыт ата" туралы мәтіндер таратылып беріледі. Мәтін қиындылар арқылы беріледі. Оқушылар мәтінді қиындыларды дұрыс орналастыра отырып, жаңа сабақты толықтырып түсінеді
|
Мәтінді құрастыру арқылы оқушылар тақырыптың негізгі идеясы мен мазмұнын ашады
|
Талдау
|
"Кластер"
әдісі
қолдана отырып әр топқа суреттер беріледі. Сол суреттерге әр топ өз ойларын жазып, "Шешендік сөздер" туралы түсінікті толықтырып, жан - жақсы талдайды
|
Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікірлерін сурет арқылы қорғайды. Білім туралы өз ойларын талдайды , түсіндіреді
|
Берілген тапсырманы
уақытылы
орындау, сұрақтарға
нақты жауап беру,
тақтаға шығып
тапсырманы қорғау
арқылы
тақырыпты талдау.
|
Жинақтау
|
"Автор орындығы"
әдісі
|
Оқушылар "Шешендік сөздер" туралы өз ойын толықтырып топ бойынша жинақтайды, бір-бірін бағалайды
|
Оқушылардың мақсаты берілген тақырыппен өмірді салыстырып отырып, өз ойларын жан - жақты толық жеткізу
|
Бағалау
|
Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату
|
Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек
|
Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды
|
Рефлексия
|
Стикерлерді толтыру
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
ББҮ кестесін толтыру
|
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну
|
Ұсынылған стикерді толтыру
|