Оқушылармен амандасу.
Ынтымақтастық атмосферасын құру. «Сәлем, досым!» сәлемдесу жаттығуы.
Мұғалім: Мен сәлемдесу сөздерін, сонымен қатар оны қандай қимылмен бірге орындау керек екенінде айтмын. Сіздер осы сөздерді, қимылды пайдалана отырып көршілерімізбен сәлемдесеміз.
Сәлем, досым! – қол алысып амандасады.
Қалың қалай? – бір-бірінің арқасынан қағады.
Қайда болдың? – құлақтарынан тартады.
Сағындық қой – өзіне кеудесін қысып көрсетеді.
Келдің бе? – құшағын жаяды.
Жақсы – құшақтасады.
«Мәңгілік Ел»
Елбасы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында белгілеген қазақстандық қоғамның құндылықтары отандық білім беру жүйесінің тұжырымдамалық негізі болып табылады.
Біріншіден, бұл – Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Астанасы.
Екіншіден, қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Төртіншіден, индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.
Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншыдан, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетіншіден, бұл – ұлттық қауіпсіздік және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу.
Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Осы құндылықтардың арқасында біз әрқашан жеңіске жетіп, елімізді нығайтып, ұлы табыстарымызды еселеп келгенбіз. Осы мемлекетқұрушы, жалпыұлттық құндылықтарда Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі жатыр».
|