Орыс сыныбына ҚазАҚ тілінен күнтізбелік – тақырыптық жоспары Сыныбы 4 Мұғалімі



бет4/9
Дата06.02.2022
өлшемі311 Kb.
#79571
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
0001028f-ec3013a8

10. Оқыту міндеттері:
1) оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;
2) оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;
3) қарым-қатынас әдебінің қарапайым нормаларын меңгерту:
4) ойын жағдаяттарында қазақ тілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;
5) оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне (қазақ тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу;
6) оқушылардың оқу білігін, шынайы өмірлік жағдаяттарда алған тілдік білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;
7) оқушыларды қазақ халқының балаларға арналған әндермен, тақпақтармен және ертегілермен, фольклормен, көркем әдебиетімен, ойындармен таныстыру;
8) оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
11. Білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу әдебиеті мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі, оқушы деңгейіне сай келуі, білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттау ұстанымдары басшылыққа алынды.
12. «Қазақ тілі» пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары келесі пәндермен тығыз байланыста іске асырылады:
1) «Әдебиеттік оқу» пәнімен: қазақ тілінде берілген аутентті мәтіндер негізінде оқушылар өз ойын қазақ тілінің танымдық ерекшеліктеріне сай жеткізуге дағдыланады; Отанын – Қазақстан Республикасын, қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын құрметтеуге тәрбиеленеді;
2) «Музыка» пәнімен: қазақ тілінде берілген әндерді тыңдау, оны өздері айтып үйрену арқылы оқушылар адамның көңіл күйін, сезімін түсінеді, эстетикалық талғамы дамиды;
3) «Бейнелеу өнері» пәнімен: қазақ тілінде берілген суреттер арқылы оқушылар өнердің адам табиғатымен, өмірімен үндестігін түсінеді, әдемілікті, сұлулықты көріп сезінеді, иллюстрацияларды ауызша/жазбаша суреттеу арқылы ойлау-қабылдау қабілеті мен тілдерін дамытады;
4) «Еңбекке баулу» пәнімен: қазақ тілінде берілген тәрбиелік мәтіндердің мазмұны арқылы оқушылар оқудың, білім алудың, тіл үйренудің маңызын игереді, еңбектің адам өміріндегі орнын түсінеді;
5) «Математика» пәнімен: қазақ тілінде ұсынылған мәтіндер негізінде оқушылар сандар мен фигуралардың атауын қазақ тілінде үйрену барысында математикадан алған білімдерін еске түсіреді, толықтырады, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады;
6) «Дүниетану» пәнімен: қазақ тілінде ұсынылған мәтіндер арқылы оқушылар өз айналасын таза ұстауға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет