Орыс сыныбына ҚазАҚ тілінен күнтізбелік – тақырыптық жоспары Сыныбы 4 Мұғалімі


Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша



бет6/9
Дата06.02.2022
өлшемі311 Kb.
#79571
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
0001028f-ec3013a8

106. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) логикалық бірізділікпен әңгіменің сабақтастығын сақтап баяндауды;
2) 8-9 сөйлем арқылы затты, құбылысты, іс-әрекетті сипаттауды;
3) естіген, оқыған ақпаратты қайта баяндауды;
4) 10-12 сөйлемнен тұратын диалогтегі мұғалімнің, сыныптастарының сөзін, шағын ақпараттарды түсінуді;
5) естіген ақпараттағы негізгі ойды ажыртуды, негізгі мазмұнын түсініп айтуды;
6) тыңдаған материал бойынша өз көзқарасын білдіруді;
7) шағын мәтінді түсініп оқуды;
8) 10-15 сөйлемнен құрылған мәтіндерді интонация сақтап мәнерлеп оқуды;
9) іштей оқу дағдысын дамыта отырып, мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды айыруды;
10) оқыған мәтін бойынша: мәтінге тақырып қоюды, қарапайым жоспар жасауды, сұраққа жауап беруді және логикалық тұрғыдағы сұрақтар құруды, өз пікірін білдіруді, бағалауды, әр азат жолдың негізгі ойын 1 сөйлеммен айтуды;
11) 9-10 жолды өлеңді мәнерлеп түсініп оқуды;
12) өзбетінше сөздіктен сөздердің аудармаларын табуды;
13) қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істеуді;
14) көркем мәтіндердің танымдық мазмұнын түсінуді;
15) контекстегі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді танып, күнделікті өмірмен байланыстыруды, өз пікірін білдіруді;
16) белсенді лексикаға енген сөздерді естіп отырып сауатты жазуды;
17) лексикалық бірліктерді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды;
18) грамматикалық дағдыларды бекітуге арналған тапсырмаларды орындауды;
19) қарым-қатынас әрекетін жасауға арналған тапсырмаларды орындауды;
20) өз кестесін құруды (күн тәртібі, сабақ кестесі, т.б.); 21) ашық хатқа құттықтау сөздер мен тілектер жазуды;
22) диалог-сұрастыру жүргізуді, сөйлеу мәдениетін ескере отырып, келісетінін, келіспейтінін, қуанышын, өтінішін қарапайым түрде білдіруді;
23) күнделікті өмірлік және сабақта жиі кездесетін жағдаяттарда тілдік этикет нормаларын қолдана отырып, қатысымға түсуді;
24) қатысымдық тұрғыдағы диалогке қатысуды: әңгімені бастауды, әңгімеге кірісуді, қайталап беруді өтінуді;
25) таныс тақырыпқа шағын диалог құрастыруды;
26) өзіне таныс тақырыптағы жай сөйлемдерден тұратын шағын мәтіндердің мазмұнын түсініп, сөйлесімде қолдануды;
27) өзіне таныс тақырыптарда 4-5 репликадан тұратын тілдесімге түсе алуды;
28) өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда тілдесуді меңгеруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет