4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
105. Пәндік нәтижелер бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
1) қазақ тілінің фонемалық және фонетикалық жүйесі туралы;
2) тірек кестелер арқылы қазақ тіліне тән үндестік заңын қолдануды;
3) белсенді қорға енген сөздердің екпінін дұрыс қоюды;
4) бастауыш сыныпқа ұсынылған лексикалық минимумның 480-500 сөзін;
5) лексикалық бірліктерді мағынасына қарай орынды пайдалануды;
6) сөздердің түбірі мен қосымшаларын айыруды;
7) сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғауды;
8) септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын, жұрнақтарды ауызша/жазбаша тілде қажетіне қарай пайдалануды;
9) лексикалық минимум көлеміндегі сөздерді көптеуді, тәуелдеуді, септеуді, жіктеуді;
10) сөздің мағынасына қарай сөз таптарын: зат есім, сын есім, сан есім мен етістікті ажырата алуды;
11) сөйлем түрлерін ажыратуды;
12) сөйлемдегі сөздердің байланысын;
13) үндестік заңына бағынатын бейтаныс сөздерді естіп отырып, сауатты жазуды білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |