Орыс тілді мектепте 5, 7, 11 сыныптарға арналған қазақ тілінен Қмж жинағы



бет1/13
Дата20.06.2018
өлшемі441,47 Kb.
#43498
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
«Орыс тілді мектепте 5, 7, 11 сыныптарға арналған қазақ тілінен ҚМЖ жинағы»
Құрастырушы: Институт орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өнер Алтынгүл

ҚМЖ жинағы орыс тілді мектептердің орта және жоғары сыныптар үшін қазақ тілі пәніне арналған. ҚМЖ жинағы қазақ тілі сабағында, жаңартылған бағдарлама бойынша құрастырылған әдістемелік құрал ретінде оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту, өз пікірлерін қазақша жеткізе білу дағдыларын дамыту мақсатында жазылды. Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мақсатында жасалған жинақ.



Түсінік хат

Ұсынылып отырған  «Орыс тілді мектептерде 5, 7, 11 сыныптарға арналған ҚМЖ жинағы» қазақ тілі пәні бойынша   жаңартылған оқу бағдарламаның мазмұнына сүйене отырып жасалды. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, орыс сыныптағы оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыта түсу үшін, оқушының сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін және сауатты жазу дағдысын көздейді. Сонымен қатар бұл жинақ қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары оқушылардан жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын пайдалануды талап етеді. Осы сабақтар жинағында оқылым, тыңдалып, айтылым, жазылым дағдылары толық қамтылды. Сонымен қатар белсенді оқу оқушылардың мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Сабақ жоспарларында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып топпен, жұппен жұмыс жасай отырып оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптартыруға негізделген. Сабақ жоспарларында тренингтер, ойындар, түрлі органайзерлер, рефлексия, кері байланыстар қолданылды. Бұл сабақ жоспарын құрудың басты ерекшелігі жоспарды құру барысында сабақтың мақсаты оқушыларға қол жетімді болуы ескеріліп, нәтижелі болуды көздейді.

ҚМЖ жинағы әр сабақ жоспары орыс тілді оқушылардың мемлекеттік тілді құрметтеуге, тілге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, өз ойларын қазақ тілінде жеткізе білуге негізделген.

Бұл ұсынылып отырған жоспар қазақ тілі мамандарына әдістемелік көмек құралы ретінде ұсынылып отыр. Сондықтан жоспар жоба ретінде беріліп отыр.Әр мектептің,әр сыныптың қазақ тілі мұғалімі өзінің сынып оқушыларына,олардың білім, дайындық деңгейіне қарап,толықтыруы қажет,өзінің қолында бар көрнекілік құралдарымен, жабдықтарын қосуы керек.

Сын тұрғысынан оқу және жазу технологиясы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеулеріне,ізденулеріне,шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын дамытуға,топпен, жұппен, ұжымдық жұмыс істеуді көздейді.Сабақта мұғалім оқушыларға бағыт беріп,әр топтың жұмысын қорытындылап отырады. Яғни,білім мазмұнын жаңарту уақыт талабына сәйкес - сабақ ұйымдастыру менеджері рөлін атқаруы тиісті.

Сабақ барысында 3 (үш) топқа бөлініп отырған себебі – ауыл мектептерінде оқушылардың саны аз болады,әр сыныпта ең көп деген де 18-22 оқушыдан болуы мүмкін сондықтан, бір топта 7-8 оқушы болуы көзделіп отыр.

Топпен жұмыс істегенде, топ басшысы – спикер (немесе капитан, командир) сайлануы қажет.

Өйткені спикер топ жұмысын тексеріп,бақылап,әр оқушының топ жұмысына қосқан үлесін қадағалап, баға беріп отырады. Сабақ барысындағы бағалау сәтінде мұғалім спикердің пікірін біліп алып, өз бағасын түсүніктеме беріп қоюы керек.

Сын тұрғысынан оқу және жазу технологиясы оқушыларға алдын ала тапсырма беру әдістемелік жұмыстың бір түрі.

Бұл жұмыс түрі оқушылардың ізденушілік,зерттеушілік, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады, сондықтан осы жұмыс түрі қазақ тілі сабағында жиі қолданғанса пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі.



Мақсаты:

ҚМЖ жинағының басты мақсаты оқу мен оқытуды жеңілдету үшін қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмек ұсыну болып табылады.

Мектептің негізгі сатысында мұғалімдерге ҚМЖ жасап оларды әр сабағында қолдануға бағытталған әдістемелік құрал ретінде ұсыну.

Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақ тілі мұғалімдерімен тәжірибе алмасу .



Міндеті:

Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім ҚМЖ жасай білуге, және оларды әр сабағында тиімді қолданып, сабақ мақсатын дұрыс қойып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізе білуге тиіс.




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Менің Отбасым

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі


Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

1-тапсырма

Жұмбақты шешіңдер

Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?


Сергіту сәті

 «Кел билейік»

Жаңа сабақ

Сұраулы сөйлем туралы түсінік

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау

Тақырыпқа байланысты дайындаған ресурстармен танысу

Дәптермен жұмыс



Сөздік жұмысы

Ой толғаныс

БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді













Үйге тапсырма

 5-тапсырма 6-бетте

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет