Орыс тілінің үстемдігі қалай орнады?



Дата20.06.2018
өлшемі13,89 Kb.
#43517
Орыс тілінің үстемдігі қалай орнады?

1822 жылы Ресей патшасы қазақ халқының хандық басқару жүиесін бұзып , мемлекетімізді бөлшектеп, әр ру тайпаны болыстар мен аға сұлтандар басқаратын жүие енгізді. Кіші жүз халқы Орынбордың Орта жүз – Омбының генерал –губернаторлығына бағынышты болды. Дәулетті қазақтың балалары аталмыш қалалардағы орыс мектептерінде білім алуға көшті.

1860 жылдары орыс әскерлері Ұлы жүз жеріне ойран салды. Верный бекінісін салды (Генерал Колпаковский) , Әулиеата мен Түркістан қалаларын қантөгіспен басып алып, Оңтүстіктің халқын Ташкент генерал –губернаторының қол астына қаратты. «Туркистанский ведомости» деген газет ашып қазақша бөлімін қосты.

1907 жылы Столыпин реформасы бойынша , қазақ жеріне орыс мұжықтарын жаппай көшіріп, өз жерінде 81 пайыз болған қазақ халқының демографиясы 65 пайызға төмендеді.

1919-1921 жылдардағы ашаршылықтан 1,5 миллиондай қазақ қырылса ,1932-1933 жылдары малын күштеп тартып алғаннан кейін болған ашаршылық зұлматынан 2,5 миллионға жуық қазақ қырғынға үшырады да 1 миллионнан астамы шетел асты.

1937-1938 жылдары 125 мыңдай зиялы қазақ халқы «халық жауы» ретінде атылса 1941-1945 жылдары соғыста жарты миллиондай боздағымыз оққа ұшты.



Осылайша , жергілікті халықтың санын 37 пайызға дейін күрт азайтып жіберу туралы демографиялық саясат жүргізілді. Нәтижесінде орыс тілінің үстемдігі орнады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет