Сыну заңы: а) Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
ә) Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шамаға тең.
- екі ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші
Мұндағы: және ортаның абсолют сыну көрсеткіштері.
Шағылған сәуле мен сынған сәуле өзара перпендикуляр болса, сыну заңы:
Егер бірінші ортаның оптикалық тығыздығы екінші ортаның оптикалық тығыздығынан үлкен болса, жарық белгілі бір бұрышпен (толық шағылудың шекті бұрышы) түскенде түскен сәуле екінші ортаға өтпей , шекара бетімен сырғанайды. Бұл құбылыс толық шағылу деп аталады. -толық шағылудың шекті бұрышы. Екінші орта ауа (вакуум) болса:
Толқын – тербелістің серпімді ортада таралуы. Толқынның түрлері:
Қума толқын – толқынның таралу бағыты мен тербеліс бағыты бір түзу бойында жатады. Қума толқын қатты ортада, сұйық ортада және газда тарайды. Дыбыс – қума толқын.
Көлденең толқын - толқынның таралу бағыты тербеліс бағытына перпендикуляр.
Механикалық көлденең толқындар қатты зат бойында, сұйық бетінде тарайды.
Толқын ұзындығы- бірдей фазада тербелетін көрші екі нүктенің ара қашықтығы.
толқынның таралу жылдамдығы, тербеліс жиілігі.
Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде: өзгереді -
Өзгермейді – жиілік пен период
Фазалар айырымы:
Линза – сфералық беттермен шектелген мөлдір дене.
Түрлері: дөңес (жинағыш), ойыс (шашыратқыш).
Линзада кескін салу үшін қажетті сәулелер:
Бас оптикалық оске параллель сәуле – бұл сәулелер жинағыш линзадан өткен соң бас фокус арқылы өтеді (жиналады), ал шашыратқыш линзадан өткен соң (шашырайды) кері қарай созындылары бас фокусты қиып өтеді;
Оптикалық центр арқылы өтетін сәуле – ол бағытын өзгертпейді;
Бас фокус арқылы өтетін сәуле – жинағыш линзадан өткен соң бас оптикалық оске параллель болады.
Нәрсе дәл фокуста орналасқанда кескін болмайды.
Шашырытқыш линза жалған, кішірейтілген, тура кескін береді.
Жұқа линза өрнегі:
Достарыңызбен бөлісу: |