Қорытынды аттестацияға дайындық жұмысы бойынша мұғалімнің жинақ папкасы ПӘн мұҒалімі


Атқарылған жұмыстар туралы жалпы мәлімет



бет4/6
Дата28.11.2023
өлшемі258,85 Kb.
#193917
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҰБТ папка

Атқарылған жұмыстар туралы жалпы мәлімет

  1. ҰБТ-ға дайындық үшін математикалық сауаттылықтан қосымша сабақтар әр аптаның сәрсенбі күні, ал математика пәнінен жұма күні жүргізіліп отырады

  2. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізіледі

  3. Математика пәнінен тарау бойынша қайталау

  4. Қосымша талдау жұмыстары сатылай кешенді түрде жүргізіледі

  5. Тарау бойынша тест жұмыстары алынып отырады

  6. Тест жұмсына міндетті түрде қатемен жұмыс жүргізіледі

  7. Математикалық сауаттылық бойынша тест кітапшаларымен жұмыс жүргізіліп отырады



Оқушылар туралы жалпы мәлімет
II тоқсанда математика пәні бойынша 11 «А» сыныбынан барлығы 15, 11«Ә» сыныбынан барлығы 8 оқушы ҰБТ-ға дайындалды. 11 «А, Ә» сыныбында «Алтын белгіге» үміткерлер жоқ, үлгерімі төмен оқушылар бар. Тақырыптық тест жұмысы күнтізбелік жоспар бойынша жүргізілді.
Ережені,теорияны, формулаларды білмегендіктен, материалдарды меңгермегендіктен тест өз нәтижесін бермейді. Сол себепті оқу жылының басынан математика пәнін тарауға бөліп оқыту әдісін қолданамыз. Математика пәні бойынша негізгі ұғымдарды 5-9,10 сыныптарда өтеді. Сондықтан жұмыс тарау бойынша ережелерді қайталаудан басталады. Ережелерге сүйене отырып, математиканың әр саласына жеке-жеке сатылай кешенді талдау жұмыстары жүргізіледі. Сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізу өте тиімді. Оқушы талдау жасау арқылы тақырыптық тарауды толық меңгереді, есінде нақты сақтайды, уақытты ұтымды пайдаланады. Әр тарауды қайталап толық меңгергеннен кейін тест жұмысын алып отырамын. Тест жұмысында жіберілген қателері бойынша қатемен жұмыс жасалып, жауаптары талданады. Тіпті кей кездері тест жұмыстарын жасап болғаннан кейін өздеріне тексеруге беремін.
Математика пәнін 11«А» сыныбынан 4 оқушы (Серік Әмина, Ештұрды Арапбек, Қарсыбай Бақдәулет, Шекербек Нұрдәулет), 11 «Ә» сыныбынан 1 оқушы (Қарсыбай Ердәулет)таңдау жасап отыр. Тест кітапшаларындағы сұрақтармен және интернет жүйесіндегі сайттар арқылы тест жұмыстары жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, тарау бойынша өтілген тақырыптарға шолу жасап, әр тарау сайын тест жұмысы алынып отырады.
Математикалық сауаттылық немесе математика пәнінен болсын, әрбір тест жұмысының соңында қатемен жұмыс жүргізіліп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет