Сабақ: №50 Мектеп: №6 орта мектебі Күні: 11. 01. 2017 Мұғалімнің есімі: Б. С. Сүлейменова



бет1/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,51 Mb.
#15152
түріСабақ
  1   2   3
Бекітемін: мектеп директорының орынбасары С.Е.Оңғарбаева

САБАҚ:50

Мектеп: № 6 орта мектебі

Күні:11.01.2017

Мұғалімнің есімі: Б.С.Сүлейменова

СЫНЫП: 5 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар
саны:

Пәні: қазақ тілі

Тақырып: Диалект сөздер

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Диалект сөздер туралы түсінік алу.Диалект сөздердің мағынасын білу


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тақырыппен танысады. Тапсырмалар орындайды

Оқушылардың басым бөлігі:

диалект сөздерді мәтіннен ажырата алады, оларды пайдаланып сөйлем құрайды

Кейбір оқушылар:

шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы сөздік қорларын дамытуға пайдаланады, диалектологиялық сөздікпен жұмыс жасайды

Тілдік мақсат

Оқушылар:
диалект сөздерден өтілгендерді пайдалана алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Диалект аймақ, облыс, әдеби тілдегі балама

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік
бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Мәтінмен жұмыс

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Неліктен сөздер әртүрлі мағынада қолданылады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сөздікпен жұмыс

Алдыңғы тақырып




Жоспар

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

 Осы уақытқа дейін лексика саласы бойынша сөздің сан алуан мағыналық түрлерімен, топтарымен таныстыңдар. Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, сол өткен тақырыптарға шолу жасап, еске түсіріп алайық. Үш топқа үш түрлі тақырыбы жазылған бос кесте беріледі, бірлесе отырып тақырыппен байланысты сөздің мағыналарын жазып, әр түріне бір мысал келтіріңдер. 

1. Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары 
атауы Мысал 
1. Тура мағына 
2. Ауыспалы мағына 
3. Көп мағыналы сөз 
4. Омоним 
5. Антоним 
6. Синоним 

2. Сөздің қолданылу немесе тіркесу сипатына байланысты туған лексикалық мағыналары 
атауы Мысал 
1. Табу 
2. Эвфемизм 
3. Дисфемизм 
4. Тұрақты тіркес 
5. Мақал 
6. Мәтел 

3. Қазақ тілінің сөздік құрамы 
атауы Мысал 
1. Байырғы төл сөз 
2. Кірме сөз 
3. Тарихи сөз 
4. Архаизм 
5. Жаңа сөз 

Бос кесте

Ортасы

Мәтіннен өзімізге түсініксіз сөздерді теріп жазайық. 
Мәтінмен байланысты суреттер көрсетіледі. 
Мәтін 
Бес жасар Бейсенбай азанда ерте тұрып, бақшадан екі-үш бәдірен үзіп алып, дәу тамның артындағы әткеншекке жайғасты. Кенет әулінің дарбазаға тақау бұрышындағы тауық кепеден біресе мекиеннің, біресе қораздың жарыса шыққан дауыстары естілді. Ол әткеншектен секіріп түсіп, солай қарай тұқым алуға беттеді. 



Азан – таңертең 
Бәдірен – қияр 
Дәу – үлкен 
Там – үй 
Әулі – аула 
Дарбаза – қақпа 
Кепе – күрке, тауық қора 
Мекиен – тауық 
Тұқым – жұмыртқа 

«Таным» бекеті 
- Балалар, бұл Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарының ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін сөздер. Бұл сөздердің бізге түсініксіз болатын себебі олардың әдеби тілде баламалары бар. Біз сол әдеби тілдегі баламаларын қолданамыз. Ал мына сөздерді сол аймақтың тұрғындары күнделікті тұрмыста ішінара өздері ғана пайдаланады. Бір тілде сөйлейтін адамдардың жаппай қолданатын сөздеріне жатпайтын болғандықтан оларды қолданылу өрісі тар лексикаға жатқызамыз. Бұл – диалект сөздер деп аталады. Сонымен бірінші бекет – «Таным» бекетіне келдік. 

«Сөздер сыры» бекеті 
«Ой жинақта талдаумен» 
- Үш топ бір-бірімен кеңеспей Қазақстанның үш аймағына бөлініп кетті: 
1-топ: Солтүстік Қазақстан 
2–топ: Оңтүстік Қазақстан 
3-топ: Шығыс Қазақстан 
Сол аймақ тұрғындарының ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін сөйлемдер беріледі. Сөйлемнен диалекті сөздерді тауып, «Диалектологиялық сөздік» арқылы мағынасын анықтап, «Түсіндірмелі сөздікті» пайдалана отырып сатылай кешенді талдау әдісімен сипаттама беру керек. 

Кеспе қағаздағы мысалдар: 
1-топ: Оңтүстік Қазақстан облысы 
Абжауқын ауқаттың үстінен келдіңдер, дастарқанға отырыңдар. (Жамбыл облысы, Қордай ауданы) Осы арада қырғауыл жық. (Алматы, Кеген ауданы) Осы колхоз түгелдей дерлік шипрлі там салуда. (Қызылорда, Сыр) 
Абжауқын – аз 
Ауқат – ас 
Жық – көп 
Там - үй 
2-топ: Солтүстік Қазақстан облысы 
Оспанның үйі үш көшенің адағында.(Орынбор, Қостанай) Ана белдемпаяның астында мал жатыр.(Қостанай) Онікі әшейін бостақ сөз ғой! (Қостанай, Жангелдин) 
Адағы – аяғы, соңы 
Белдемпая – қыр, белес 
Бостақ – бос, жай 
3-топ: Шығыс Қазақстан облысы 
Бардамдырақ бір кісі қайтыс болған екен. (Шығыс Қазақстан, Тарбағатай) Оның үйі тараң болғанымен, пейілі кең. (Семей, Абай ауданы) Қартайған адамның қырпы кете бастайды. (Шығыс Қазақстан, Тарбағатай) 
Бардамдырақ – бай, ауқатты 
Тараң – тар 
Қырпы – әл, күш, қуат 

Сөздіктен әдеби тілдегі баламасын анықтап, дәптерге сатылай кешенді талдау әдісімен сипаттама бергеннен кейін, бір сөзді тақтаға жазыңдар, қалғанын оқып, тексертіңдер. 
Мысалы: 
Әйдік – диалект сөз 
Әдеби тілдегі баламасы – үлкен 
Тура мағынасы - заттың көлемін білдіреді, аумақты 
Ауыспалы мағынасы – адамның жасына байланысты. Үлкен кісі, үлкендер келді 
Сөздің көп мағыналылығы: 1. үлкен үй; 2. үлкен кісі 3. үлкен іс - айтулы, елеулі 
Омонимі: жоқ 
Синонимі: үлкен, ірі, зор, аумақты, дәу 
Антонимі: үлкен – кіші 
Тұрақты тіркес: үлкен үй – қара шаңырақ, үлкен есеппен жасады 
Мақал: Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без. 
Мәтел: 

- Жүйелі талдаудың нәтижесінде ғана адасқан оқушылар қайта бір-бірімен кездесті. 

Оқулықпен жұмыс

185-жаттығу

186-жаттығу

187-жаттығу

Суреттер, мәтін, кеспе қағаздар,оқулық

Каталог: uploads -> doc -> 0f31
0f31 -> Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі
0f31 -> Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
0f31 -> Сабақ жоспары Сабақ Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп лицей
0f31 -> Сабақ: Спорттың пайдасы Күні: 16. 02. 17 Мұғалімнің аты-жөні: Мыржикова Ажар Төлепбековна
0f31 -> Ақтау қаласы ‹‹№21 жалпы білім беру орта мектебі›› коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0f31 -> Көктау жалпы білім беретін негізгі мектебінің физика пәні мұғалімі Қостанай облысы. Арқалық қаласы. Көктау ауылы
0f31 -> Сабақ түрі Сабақ әдісі Көрнекілігі Кіріспе (1 сағат) 1
0f31 -> Сабақтың тақырыбы «Ар-намыс керек адамға»
0f31 -> Сабақтың тақырыбы: С. Шаймерденов «Ит ашуы» повесінен үзінді
0f31 -> Сабақтың тақырыбы: «Патша және жер қазушы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет