Қорытынды аттестауға дайындық барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша эссе жазу дағдылары және оған қойылатын талаптар



бет3/13
Дата06.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#167604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
11кл ЭССЕ

Эссе тақырыптары:

  • 9. «Ұлы Даланың жеті қыры» – тарих пен болашақтың алтын көпірі» тақырыбындағы негізгі мәселені Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы ақпараттармен байланыстырып жазыңыз.
  • 10. «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз позицияңызды дәлелдеп жазыңыз.
  • 11. «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» деген позицияны ұстана отырып, ойыңызды дамытып жазыңыз.
  • 12. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі»,-деген Бауыржан Момышұлының аманат сөзін өз пікіріңізбен дәлелдеп жазыңыз.
  • 13. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы айтылған ойларын нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз (Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл).
  • 14. «Туған жер –адам өміріндегі киелі орын» тұжырымына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп, дәлелдеп жазыңыз.
  • 15. Әбунасыр әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін» деген пікірі туралы ойыңызды өмірмен байланыстыра отырып жазыңыз.
  • 16. Абайдың отыз екінші қарасөзіндегі ақыл кеселдерінің зиянын дәлелдеп жазыңыз.
  • 17. «...Артық ғылым кітапта,
  • Ерінбей оқып көруге» деген Абайдың қанатты сөзіндегі негізгі ойды қазіргі замандағы кітап оқуға деген сұраныспен байланыстырып жазыңыз.
  • 18. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде көтерілген мәселенің маңыздылығын талдап жазыңыз.
  • 19. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын талдап жазыңыз.

Эссе тақырыптары:

  • 20. Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма? Баланың ата-ана алдындағы парызы жайлы ойың қандай? Ойыңды «Анаңның ақ сүтін Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың» деген халық даналығымен өз ойыңызды сабақтастырып жазыңыз.
  • 21. Бүгінгі қоғамда Еріктер көп пе? Тағандар көп пе? О.Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі Ерік пен Таған бейнелерін салыстыра талдау жасап, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз.
  • 22. Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы лирикалық кейіпкердің бейнесін талдап жазыңыз.
  • 23. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі ақын сынаған мінездердің бүгінгі қоғамдағы көрінісін талдап жазыңыз.
  • 24. М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.
  • 25. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын Қ.Сәтбаевтың «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркемдік энциклопедиясы» деп бағалау себебін өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап жазыңыз.
  • 26. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық әлемінің қуаттануына әсер еткен себептерін талдап жазыңыз.
  • 27. Е.Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінде көтерілген баспана мәселесінің қазіргі күндегі өзектілігін дәлелдеп жазыңыз.
  • 28. Б. Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған тарихи кезең шындығына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.
  • 29. Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы оқиғаның ел тарихында болған шындық екенін тарихи мәліметтерге сүйене отырып, дәлелдеп жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет