- Эссе тақырыбына сәйкес жазу стилін (баяндау, дәлелдеу, сипаттау) таңдай білуі бағаланады. Стильге қатысты сөздерді, ойдың логикалық бірізділігін сақтау үшін қолданылатын сөз оралымдарын (шылау, қыстырма сөздер) орынды қолдануы қажет. Сөздік қоры бай және оны дәлдікпен, икемділікпен қолдана білуі керек. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдарын қолдануы керек. Грамматикалық жағынан сауатты жазуы қажет.
- Эссе мәтіні автордың белгілі бір өзекті мәселелер бойынша ұстанымын, көзқарасын білдіруі керек.
- Эсседе кездесетін терминологияларды орынды қолдануы, білім саласында қабылданған ғылыми тұжырымдарды және тақырып бойынша заманауи тенденциялар мен проблемаларды білуі.
- Тақырыпты ашуда автордың өзіндік ойын, көзқарасын білдіре алуы.
- Өзінің көзқарасын елдің шынайы әлеуметтік-экономикалық жағдайына, ғылыми тұжырымдарға немесе өзінің жеке тәжірибесіне сүйеніп дәлелдеуі тиіс.
Емтихан жұмысының сипаттамасы - Жазбаша емтихан жұмысы – эссе.
- Уақыты: 180 минут.
- Эссе көлемі 250-300 сөзден аспауы тиіс.
- Оқушылар шимай парақты қолдана алады. Шимай парақты оқушы жұмыспен бірге тапсырады, бірақ тексерілмейді. Емтихан уақытында әдебиет хрестоматиясы, тақырыпқа қатысты көркем әдебиеттер, мақал-мәтел, қанатты сөздер кітаптары аудиторияға қойылады.
Эссені бағалау Бағалау әдеби эссе түрлерінің барлығын қамтиды, бірақ эссе түріне қарай бағалау критерийінің ішінен сол эссе түріне сәйкесі бойынша ғана бағаланады. | | | | - тақырыпты өте жақсы түсінгенін көрсетеді; тақырыптан еш ауытқымайды;
- Тезисті (ұстаным, негізгі идея) тақырыпқа сәйкес
|
Достарыңызбен бөлісу: |