21. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісінің қазақ халқының тағдырына ықпалын талдап жазыңыз.
22. «Ұлттық құндылықтар – қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері» пікіріне байланысты өз ойыңызды дәлелдеп, аргументтік эссе жазыңыз.
23. «Жүз жыл жырлаған жүрек» Ж.Жабаев позиясының өзіндік ерекшеліктерін талдап жазыңыз (Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл).
24.Ы.Алтынсариннің әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз (Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл).
25.І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары бейнесінің тарихи маңызын талдап жазыңыз.
26. Рабиға Сыздықтың «Асқар Сүлейменовтің «Бесатарындағы» ой-сана тартысы – зиялылардың өзара пікірталасы емес, ұлттық намыс пен империялық өктемдік арасындағы арпалыс» деген пікірін дамытып, шығармадағы заман көрінісіне талдау жасаңыз.
27. «Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деген даналық сөздің астарын өмірлік жағдаяттармен байланыстыра отырып, ойыңызды білдіріңіз.
28. Кедейлік дегеніміз ақшаның жоқтығы емес, нағыз кедейлік – рухани кедейлік. Рухани кедейліктің адам өміріне тигізер зиянын мысалдар келтіре отырып жазыңыз.
29. «Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы» деген позицияны ұстана отырып, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз жазыңыз (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл).
30. Қазіргі таңда «Әркімнің өз туған жері – жұмақ» деп ойлағандар өз туған жерін дамытуға, көркейтуге үлес қосуда. Туған жеріңіздің туын көтеруде сіз қандай үлес қосар едіңіз? Ойыңызды саралап жазыңыз.
31. «Жаһандану процесі әлем үшін қауіпті ме?» тақырыбында өз ойыңызға дәлелдер келтіріп жазыңыз.
Эссе тақырыптары:
32. «ХХІ ғасырдағы қазақ киносы ұлттық мүддеге не береді?» тақырыбында өз көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз.
33. «Еңбек нарығына сай мамандық таңдау маңызды» тақырыбында өз ойыңызды дәйектеп жазыңыз.
34. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» деген жолдарындағы ұлттық мүдде тұрғысынан тұжырымдалған мәселеге өз көзқарасыңызды дәлелдер келтіре отырып жазыңыз.
35. «Біз түркілерміз» өлеңінде ұлтжандылық қалай сипатталады? Оқырманға әсерін талдап, өз ойыңызды шығармашылықпен жеткізіңіз.
36. Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен. Әсіресе, сөз сайысына келгенде, олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таңғалдырады. Олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады», - деп айтқан В.Радловтың пікірімен қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі ерекшелігін өз ойыңызбен сабақтастырып, эссе жазыңыз.
37. Расул Ғамзатовтың «Егер менің тілім ертең өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын»деген сөзіне өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеп жазыңыз.
38. «Қыран қартайып өлмейді, қайғырып өледі, - дейтінеді...» деген Бұқар жыраудың сөзі қай оқиғаға қатысты айтылды? Себебін әлемде орын алып жатқан саяси мәселелер тұрғысынан түсіндіріп жазыңыз.
40. Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңінде өзін қалай таныстырады?Ақын бойындағы ұлттық мінезбен қасиеттерді өлеңнен мысал келтіре отырып дәлелдеп жазыңыз.