Қорытынды аттестауға дайындық барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша эссе жазу дағдылары және оған қойылатын талаптар



бет5/13
Дата06.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#167604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
11кл ЭССЕ

Эссе тақырыптары:

  • «Қазақ тілі» пәнінен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) тақырыптары
  • 1. «Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі туралы» көзқарасыңызды дәлелдер келтіре отырып жазыңыз.
  • 2. «Ұлттық тарихи жәдігер – ұлт құндылығы» екенін дәлелдеп жазыңыз.
  • 3.«Еңбек нарығына сай мамандық таңдау маңызды» тақырыбында өз позицияңызды ұсынып, дәлелдер келтіре отырып жазыңыз.
  • 4. «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» деген өлең жолдарындағы тұжырымдалған мәселеге өз көзқарасыңызды дәлелдер келтіре отырып жазыңыз.
  • 5. Әлемде балет өнеріне тыйым салған мемлекеттер бар. Балеттің денсаулыққа зияны туралы да естіп жатамыз. Сіздің ойыңызша, балет өнеріне тыйым салу керек пе? Пікіріңізді дәлелдеп, эссе жазыңыз.
  • 6. Бүгінгі жастардың тіл жұтаңдығының себептері неде? Пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз.
  • 7. Шешендік туа біткен қасиет пе әлде үйренуге болатын өнер ме? Өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз.
  • 8.С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
  • 9. Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінде өзін қалай таныстырады? Ақын бойындағы ұлттық мінез бен қасиеттерді анықтап, талдап жазыңыз (Қасым Аманжоловтың туғанына – 110 жыл).
  • 10. С. Елубайдың «Жалған дүние» романындағыЕдігенің тағдыр тәлкегіне қарамастан рух тәуелсіздігіне қарсы күрескен жанкешті кейіпкер екендігін дәлелдеп жазыңыз.

Эссе тақырыптары:

  • 11. Т.Молдағалиевтың «Бауырлар» өлеңіндегі көтерілген мәселенің ғаламдық деңгейдегі өзектілігіне дәлел келтіре отырып жазыңыз.
  • 12. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасында көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды мысалдар арқылы талдап жазыңыз.
  • 13. Абайдың он жетінші қарасөзіндегі «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» сөзінің мәнін дәлелдеп жазыңыз.
  • 14. Абайдың: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген философиялық ойын қазіргі заманмен салыстыра отырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
  • 15. А.Құнанбаев отыз үшінші қара сөзінде: «Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды...» деп, мал табудың адал жолын өнерден іздеуді өсиет қылады. Абай өсиетінің қазіргі таңдағы маңыздылығын дәлелдеп жазыңыз.
  • 16. Абайдың «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын»
  • деген өлең жолдарын бүгінгі күнмен байланыста қарастырып, мысалдармен дәлелдеп жазыңыз.
  • 17. Ақын Абай: «Атаның баласы болма, Адамның баласы бол!» дейді. Сіздің ойыңызша, ақын осы ойы арқылы нені меңзейді? Ойыңызды өрбітіп жазыңыз.
  • 18. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы бас кейіпкер Демежанның кісілік келбетін нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз.
  • 19. Ұ. Есдәулетовтің «Біз түркілерміз» өлеңіндегі ұлтжандылықтың көрінісін талдап жазыңыз.
  • 20. Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасындағы «Қазақ үшін қыз — ұлттық намыстың бір белгісі» деген ойды өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет