Қорытынды аттестауға дайындық барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша эссе жазу дағдылары және оған қойылатын талаптар



бет7/13
Дата06.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#167604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
11кл ЭССЕ

Эссе тақырыптары:

  • 41. Т.Молдағалиевтың «Бауырлар» өлеңіндегі көтерілген мәселенің ғаламдық деңгейдегі өзектілігіне дәлел келтіре отырып жазыңыз.
  • 42. Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи және көркемдік құндылығын бағалап жазыңыз.
  • 43. «Шақан шері» шығармасындағы көтерілген мәселенің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беріп, өз пікіріңізді білдіріп жазыңыз.
  • 44. «Сенің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай деп ойлайсың?». Көтерілген мәселеге дәлелдер келтіріп жазыңыз.
  • 45. «Адамзат өміріне аса қауіпті факторлардың бірі – нашақорлық. Нашақорлық – адамның денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер» деген тұжырымға қатысты өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
  • 46. «Ұлы Даланың жеті қыры» – тарих пен болашақтың алтын көпірі» тақырыбындағы негізгі мәселені Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы ақпараттармен байланыстырып жазыңыз.
  • 47. «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз позицияңызды дәлелдеп жазыңыз.
  • 48. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі»,-деген Бауыржан Момышұлының аманат сөзін өз пікіріңізбен дәлелдеп жазыңыз.
  • 49. «Туған жер –адам өміріндегі киелі орын»тұжырымына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп, дәлелдеп жазыңыз.
  • 50. «...Артық ғылым кітапта,
  • Ерінбей оқып көруге»дегенАбайдың қанатты сөзіндегі негізгі ойды қазіргі замандағы кітап оқуға деген сұраныспен байланыстырып жазыңыз.
  • ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ формалды ережелерінің ішінен, тақырыптың болуын атап көрсетуге болады. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба жұмысының кіші формасы болып табылады, соңында қорытындыны міндетті түрде қайталау талап етілмейді, ол негізгі мәтінге немесе тақырыпқа енгізілуі мүмкін. Дәлелдеме мәселелердің тұжырымдалуын жүйелейді. Мәселелерді тұжырымдау соңғы қорытындымен сәйкес келуі мүмкін.
  • Оқушылар эссе жазу кезінде неғұрлым типтік қателерін білуі тиіс. (Жалықтыратын алғысөз. Жеткіліксіз бөліктер. Ұзақ сөйлемдер.) Қызықты эссе қорытындысын мысалдарсыз санамалау арқылы берсе ұтылып қалады. Ұзақ сөйлемдер автордың дұрыстығын көрсетпейді. Қысқа сөйлемдер үнемі жақсы әсер қалдырады. Ең жақсысы - ұзақ сөйлемдерді қысқа сөйлемдермен алмастырып отыру. Ғылыми терминдерді, энциклопедиядан сөздерді пайдалану оқырманның назарын аударады, эссенің мән-мағынасын кемітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет