Талдаунәтижелері : Осы критерий бойынша талдауға ұсынылған құжаттарды зерттеу көрсеткендей, мектеп типтік емес екі ғимараттан тұрады. 1919 жылы пайдалануға берілген. Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 65 сынып комплектісі екі ауысымда оқиды.
Мектепте оқу-тәрбие үрдісіне пайдалынатын оқу кабинеттері, спорт зал, мәжіліс зал, мұғалімдер бөлмесі, кітапхана, оқу залы бар.
Ғимарат функционалдық мақсаттарына сәйкес жиһазбен жабдықталған.
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер мектептің өзін-өзі бағалау құжатында көрсетілген. (2-қосымша)
-2020 оқу жылында 30 компьютер жергілікті бюджеттен, 20 компьютер республикалық бюджеттен, 10 планшет республикалық бюджеттен, 35 роутер, 3 ноутбук жергілікті бюджеттен, 3 лэд панель мектеп қаражатынан; -2021 жылы 1 планшет, 1 лэд экран , 6 принтер, 2 ноутбукпен мектеп қаражатынан қамтылған. 2022 жылы 5 лэд панель, 4 принтер мектеп қаражатынан қамтылған. 2021 жылы химия кабинеті, 2022 жылы биология кабинеті білім бөлімі есебінен жабдықталған. Бастауыш сыныптарға арналған 2 спорт залы жабдықталған. Ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуына арнайы жағдай жасалған.
Осылайша Мектеп сыйымдылығының бала санына қарай сәйкес болмауы; Мектеп типтік мектеп емес; Арнайы пән кабинеттерінің жетіспеушілігі анықталды.
және 1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарының тиісті бейіні бойынша педагог қызметкерлердің және басшы персоналдың біліктілігін арттыруды кемінде үш жылда бір рет, кемінде 36 сағат бойы қамтамасыз ету. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1- тармағы: