Есепті кезеңдегі талдауға арналған құжаттар : есептік кезеңге арналған тәрбие жұмысының әзірленіп бекітілген жоспары . Талдау нәтижелері : осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті: 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспарлары ұсынылмаған, тек әр жылға жасалған анықтамалар бар. Ұсынылған анықтамаға сүйене отырып, оқушылардың субъективті жаңа білімді тану және меңгеру мәселерін шешуге, ұлттық салт-дәстүрді, мәдениетті зерделеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған іс-шаралар өткізілгені анықталды.
- 2020-2021 оқу жылында -16,
- 2021-2022 оқу жылында-22,
2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында – 10 іс шара жоспарланып, өткізілген.
Ұлттық құндылықтарды насихатау, отбасы құндылықтарын дамыту мақсатында «Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі», «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» тақырыбында ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен кездесу, пікіралмасулар әр жылда ұйымдастырылып отырады. Қоғам және мемлекет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргзілген.
Ұлттық сана сезімді қалыптастыру мақсатында кезекші сыныптар арасында «Ұлттық ойындар» додасы , ашық тәрбие сағаттары жүргізіледі.
Мектеп театры» жобасы аясында жоспар бойынша «Қуыршақ театры» жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс шаралар жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп отырған. Өткізілген іс шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жарияланған.
Осылайша, анықталғаны 2020–2023 оқу жылдарында «Абылай хан атындағы №4 орта мектеп» КММ-де тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді мәдениетті зерделеуге және жалпыазаматтық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру мақсатында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, тәрбие жұмыстары жүйелі жүргізілген.
ҚОРЫТЫНДЫ: 2-параграф 12 тарау, 3,4-пункті МЖМБС-на сәйкес
4)
Оқушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жиынтықта сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларын ұйымдастыру.