Есепті кезеңдегі талдауға арналған құжаттар : есептік кезеңге арналған қосымша сабақтардың әзірленген және бекітілген кестесі. Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:
2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспарлары ұсынылмаған, тек әр жылға жасалған анықтамалар бар. Ұсынылған анықтамаға сүйене отырып, оқушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларын ұйымдастыруды сіңіруге бағытталған іс-шаралар 8 бағыт бойынша жүзеге асырылған. 1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие; 2. Рухани-адамгершілік тәрбие; 3. Ұлттық тәрбие; 4. Отбасылық тәрбие; 5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; 6. Зияткерлік тәрбие құндылығы; 7. Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие; 8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Сынып жетекшілердің бірлестігінде 65 сынып жетекші жұмыс істейді. Тәрбие ісіне байланысты нормативтік құжаттар, нұсқаулық хаттар, мектепішілік тәрбие жоспарларының жоспарлануы, құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-анамен жұмыс, үйірмелердің өтуі, сынып сағаттарының жоспарлануы және журналға сынып сағаттарының толтырылуы, іс-шараларының өту формалары, оқушылардың тәрбиелік деңгейін және жалпы тәрбиеге байланысты өткізілетін іс-шаралардың өту деңгейі қанағаттанарлық.
Атқарылған іс шаралар нәтижесінде 2020-2021 оқу жылында -61,
2021-2022 оқу жылында -73, 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында –12 оқушы дипломдармен, грамоталармен, Алғыс хаттар және медальдармен марапатталып, 1, 2, 3- орындар иеленген.
Осылайша, білім беру ұйымы рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін білім алушылар үшін сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі формаларын ұйымдастырғаны анықталды.
ҚОРЫТЫНДЫ: 2-параграф 12 тарау 3,4-пункті МЖМБС-на сәйкес
5)
Білім алушылардың жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейіндік оқытуды жүзеге асыру (білім берудің озық және стандартты деңгейлері).