11.Төтенше жағдайда халықты қорғауды түсіндіріңіз. Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, турнирлерде, кен орындарында, жер асты өткелдерінде, жер асты гараждарда және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі. Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады. Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытына шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.